Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Астана қ. әкімдігі туралы ереже

06.09.2017, 14:26

Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы ‪29/12‬

№ 06-1929 қаулысына қосымша


«Астана қаласы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ


1. Жалпы ережелер


1. «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін (бұдан әрі - Әкім аппараты) Астана қаласының әкімдігі құрған, біріктірген және кайта құрған мемлекеттек орган болып табылады.


2. Әкім аппаратының ведомстволары жоқ.


3. Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.


4.Әкім аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық
нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарында шоты болады.


5. Әкім аппараты жеке өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.


6. Әкім аппараты егер заңнамаға сәйкес азаматтық-құкықтық қатынастарда мемлекеттің атынан тарап болуға уәкілетті болса, ол тарап болуға құқылы.


7. Әкім аппараты өз уәкілеттілігі шегінде заңнамамен белгіленген тәртіпте басшының бұйрығымен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.


8. Әкім аппаратының құрылымымен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамага сәйкес бекітіледі.


Заңды тұлғаның мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 11-үй.


9. Толық атауы: «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.


Қысқартылған атауы: Астана қаласы әкімінің аппараты.


10. Әкім аппаратының құрылтайшысы Астана қаласының әкімдігі болып табылады. Осы ереже «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.


Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Астана қаласы әкімдігінің шешімімен енгізіледі.


11. Әкім аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.


12. Әкім аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен Әкім аппаратының қызметі болып табылатын міндеттерін орындау үшін құқықтық қатынастар жасауға тыйым салынады. 


Егер Әкім аппаратына заңнамалық актілермен кіріс алып келетін қызметті жүзеге асыруға құқық берілген болса, ондай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Әкім аппаратының миссиясы, негізгі міндеттері, 
функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. Миссиясы: Әкім аппараты ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын, оны іске асыру шараларының кешенін пысықтауға, әлеуметтік-экономикалық реформаны жүзеге асыру тетігі мен әдістерін жетілдіруге қатысады.

14. Міндеттері:


1) Астана қаласы әкімдігінің және әкімінің жұмыстарды жоспарлау және регламент, кешенді сипаттағы іс-шараларды әзірлеу мәселелері бойынша қызметтерін ұйымдық, материалдық-техникалық және ақпараттық- талдамалық қамтамасыз ету;

2) құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың қылмысқа қарсы күресте қызметтерін үйлестіруді жүзеге асыру, құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету;


3) Астана қаласы әкімдігінің регламентімен (бұдан әрі - Регламент) белгіленген әкімдіктің және әкімнің қарауына енгізілген нормативтік құқықтык және әкімшілік-өкімдік актілер жобаларының өту тәртібін сақтау;
4)атқарушы биліктің әлеуметтік саладағы және қоғамдық-саяси қатынастардағы жалпы мемлекеттік саясатты жүргізу;


5) стратегиялық және индикативтік жоспарларды, әлеуметтік-экономикалық дамудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеуді үйымдастыру, оларды іске асыруды бақылау, қолайлы инвестициялық ахуал қүру;


6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте тиімді бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;


7) тұрғындар мен қоғамды қала әкімінің қызметі туралы ақпараттандыру;


8) Астана қаласы әкімдігінің, экімінің нормативтік құқықтық және құқықтық актілерінің, хаттамалық шешімдердің және Қазақстан Республикасы Президентінің, Астана қаласы әкімінің тапсырмаларының орындалу мерзімдерін бақылауды қамтамасыз ету;


9) қаланың атқарушы органдарының жұмысын жалпы үйлестіру және қарым-қатынас;


10) ресми делегациялардың, сондай-ақ шетелдік мемлекет басшыларының кездесулері мен Астана қаласына келуі бойынша хаттамалық іс-шараларды қамтамасыз етуде республикалық мемлекеттік құрылымдармен қарым-қатынас;


11) заңнамамен белгіленген тәртіпте қаланың бюджеттік каражатын алушының қызметін жүзеге асыру;


12) бюджеттік сыныптамалар бойынша бағдарламалардың әкімшісі болу;


13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру;


14) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау;


15) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру;


16) жұмысқа қабылдау және қызметкерлерді көтермелеу кезінде гендерлік теңгерім нормаларын сақтау.


16. Функциялары:


1) қала әкіміне азаматтар мен ұйымдарды құқықтық қорғаудың тиімді мемлекеттік тетігін қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізу;


2) өңірдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, жергілікті атқарушы органның нормативтік шығармашылық қызметінің тетігін жетілдіру бойынша шаралар қабылдау;


3) қала әкімінің келісіміне ұсынылатын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына құқықтық сараптаманы жүзеге асыру, әкімнің, әкімдіктің актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысу;


4) Астана қаласы әкімдігінің, әкімінің азаматтардың құқықтары, бостандықтары, заңды мүдделеріне қатысты жалпыға міндетті маңызы бар, ведомствоаралық сипаттағы нормативтік құқықтық актілерді әділет органдарында тіркеу, оларды жариялауды жүзеге асыру;


5) мемлекеттік органдардың басшыларын және Әкім аппаратының қызметкерлерін аттестациядан өткізу;


6) жалпы құқықтық оқыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;

7) Әкім аппараты бөлімдерінің және қызметкерлері қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізу.


17. Құқықтары мен міндеттері:
Әкім аппараты өз жүмысының ерекшелігіне сәйкес шетелдік ұйымдармен тікелей байланыс орнатуға, ынтымақтастық туралы екі жақты және көп жақты шарттар жасасуға құқылы.
Міндеттері:

1) Астана қаласы әкімдігінің, консултативтік-мәжілістік органдардың отырыстарына, жалпықалалық қоғамдық-саяси іс-шараларды дайындау;


2) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес іс жүргізу және хат-хабарларды өңдеу;


3) сот және басқа да органдарда кала әкімінің, әкімдігінің мүдделерін қорғайды;
4)электрондық кұжат айналымды құру үшін жағдай жасау;


5) өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;


6) Астана қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері көрсететін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын сақтауды бақылау;


7) алыс және жақын шетелдермен, халықаралық ұйымдармен және институттармен екі жақты және көп жақты халықаралық ынтымақтастықтарды дамыту, сондай-ақ дипломатиялық өкілдіктер арқылы елорданың имиджін көтеру;


8) заңнамаларға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асыру.


18. Әкім аппараты Астана қаласы әкімінің нормативтік шығармашылық қызметін қамтамасыз ете отырып:


1) қала әкіміне азаматтар мен ұйымдарды құқықтық қорғаудың тиімді мемлекеттік тетігін қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізеді;


2) өңірде заңдылық пен құкықтық тәртіпті нығайту, жергілікті атқарушы органның нормативтік шығармашылық қызметінің тетігін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды;


3) қала әкімінің келісуіне енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобаларына құқықтық сараптаманы жүзеге асырады, әкімнің, әкімдіктің актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысады;


4) Астана қаласы әкімдігінің, әкімінің жалпыға міндетті маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына, заңды мүдделеріне қатысты және ведомствоаралық сипаттағы нормативтік құқыктық актілерін сот органдарына тіркейді, оларды жариялауды жүзеге асырады.


19. Әкім аппараты Астана каласы әкімінің және әкімдігінің оған тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік коммуналдық заңды тұлғаларға қатысты өкілеттігін қамтамасыз ету мақсатында:


- қала әкіміне оған тікелей бағынышты және есеп беретін мемлекеттік коммуналдық заңды тұлғаларды құру, біріктіру және қайта құру туралы ұсыныстар енгізеді;


- қала әкіміне жэне әкімдігіне тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік мекемелердің және кәсіпорындардың өзара байланысын және қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді.


20. Әкім аппараты әкімнің қызметін акпараттык-талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыра отырып:


1) өңірдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалға, мемлекеттің жергілікті атқарушы органының жүйесіне кіретін мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың жүмысына талдау жүргізеді; қоғамдық пікірді зерттейді, өңірдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық ахуалды дамытуды болжайды;


2) қала әкіміне өңірдің маңызды мәселелері бойынша ақпарат дайындайды;


3) әкімнің қызметтерін бүқаралық ақпарат құралдарында жариялауды, әкімнің олармен байланысын қамтамасыз етеді.


21. Әкім аппараты өз құзыреттілігі шегінде және қала әкімдігінің және әкімінің актілерін, хаттамалық шешімдерді іске асыру мақсатында аудандар әкімдерінің аппараттарымен және қалалық ведомстволармен қарым-қатынас жасайды.


22. Әкім аппаратына қала әкімінің тапсырмасы бойынша және Регламентке сәйкес жедел ақпарат жинау, жариялауды ұйымдастыру және мерекелік және жұмыс емес күндері кезекшілік қою бойынша жекелеген функциялар жүктелуі мүмкін.


 3. Әкім аппаратының қызметін ұйымдастыру

 23. Әкім аппаратын лауазымына әкім тағайындалатын және босатылатын және оның тікелей басшылығымен жұмыс істейтін Әкім аппаратының басшысы басқарады.

24. Әкім аппаратының басшысы:

1) әкімге Әкім аппараты туралы ережені бекітуге үсынады, Әкім аппаратының құрылымымен штаты бойынша ұсыныстар дайындайды, қала әкімінің бекітуіне Әкім аппаратының штаттық кестесін үсынады;

2) Әкім аппараты бөлімдерінің жұмысын ұйымдастырады және бағыттайды;

3) әкімнің қарауына конкурстық іріктеу нәтижесі бойынша Әкім аппараты бөлімдерінің меңгерушілерін лауазымына тағайындау және лауазымынан босату туралы ұсыныстар дайындайды, Әкім аппаратының қызметкерлерін лауазымына тағайындайды және босатады;

4) Әкім аппаратының бөлімдері туралы ережені және олардың қызметкелерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

5) әкімнің тапсырмаларының орындалуын, Әкім аппаратындағы қүжаттардың өтуін бақылау бойынша жұмыстарды үйлестіреді;

6) бұйрықтар шығарады және аппарат бойынша нұсқаулықтарды бекітеді;

7) Әкім аппаратындағы ішкі еңбек тәртібін белгілейді;

8) Әкім аппаратының шығыстар сметасын бекітеді және оның шегінде қаржы қаражатына иелік етеді;

9) қызметтік қүжаттамаларға қол қояды;

10) Әкім аппараты қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік шаралар қолданады;

11) Әкім аппараты қызметкерлерін қызметтік іссапарларға жібереді;

12) нормативтік құқықтық және өкімдік актілердің жобаларын әзірлеу үшін жұмыс топтарын құрады;

13) азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді;

14) Әкім аппараты қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтамағаны үшін жеке жауапкершілік алады;

15) осы Ережеде қарастырылған, сондай-ақ оған әкім жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

25. Әкім аппараты басшысының екі орынбасары болады, оларды Әкім аппараты басшысының ұсынымы бойынша әкім лауазымына тағайындайды жэне лауазымынан босатады.

26. Әкім аппараты басшысының орынбасарлары өз қызметтерін функционалдық міндеттеріне сәйкес жүзеге асырады.

27. Астана қаласы әкімінің көмекшісі (режим бойынша):

1) «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік құпияларды қорғау, ақпараттық қауіпсіздікті жэне Әкім аппаратындағы және ведомстволық ұйымдардағы құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;

2) мемлекеттік қауіпсіздік мүдделеріне қатысты міндеттерді шешу үшін әкімдіктің халықаралық байланыстар шеңберінде өткізетін қоғамдық-саяси және басқа да іс-шараларға қатысады;

3) ведомстволық бағынысты ұйымдардың, оның ішінде аудан әкімдіктерінің қызметкерлерімен, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерімен жұмыс бойынша өкілдерімен және Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі қызметкерлерімен қарым-қатынас.

28. Әкім аппаратының бөлімдерін бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына, әкімнің актілерінің және тапсырмаларының, Әкім аппараты басшысының тапсырмаларын уақтылы және жан-жақты орындалуына жауапкершілік алатын, қызметкерлердің арасында міндеттерді бөлетін, еңбекті және тиісті еңбек тәртіптерін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін, сондай-ақ белгіленген талаптарға сәйкес іс жүргізуге жауапты олардың меңгерушілері басқарады.

29. Әкім аппараты бөлімдерінің меңгерушілері:

1) белгіленген тәртіпте қызметке қажетті ведомстволық бағынысты органдардың иелігіндегі ақпараттық мәліметтерді пайдалануға;

2) Әкім аппаратының тиісті бөлімдерінің функционалдық қызметтеріне қатысты мәселелерді қарау кезінде Аппарат мәжілістеріне қатысуға;

3) мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен және ұйымдармен Әкім аппаратының жүргізуіне жатқызылатын қызметтік хат-хабар жүргізуге;

4) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асыруға;

5) әкімнің сенімхаты бойынша Әкім аппаратының, қала әкімдігінің және әкімінің мүдделерін сот органдарында ұсынуға қүқылы.

30. Әкім аппараты бөлімдерінің меңгерушілері осы Ережеде, функционалдық міндеттерінде және (немесе) оларға Әкім аппаратының басшылары жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады

Әкім аппаратының қызметкерлері Әкім аппаратының алдында түрган міндеттерді шешу бойынша өкілеттіктер бөлінген мемлекеттік қызметкерлер болып табылады.


 
4. Әкім аппаратының жұмыс тәртібі

31. Әкім аппаратының жүмыс тәртібі еңбек туралы заңнамаға сәйкес белгіленеді.

32. Түскі үзіліс уақыты және оның ұзақтығы Әкім аппараты басшысының бұйрығы негізінде белгіленеді.

33. Әкім аппаратының қызметкерлерін демалыс күндері және кезек күттірмейтін, алдын ала болжанбаған жұмыстарды орындау қажеттілігіне байланысты мерзімнен тыс лауазымды міндеттерін орындауға тарту Әкім аппараты басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі.


5. Әкім аппаратының мүлкі

 34. Әкім аппаратының же дел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

Әкім аппаратының мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен қалыптасады және негізгі қорлардан және айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны мемлекеттік органның теңгерімінде көрсетілетін басқа да мүліктен тұрады.


35. Әкім аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.


36. Әкім аппараты егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен алынған мүлікті оқшаулауға немесе басқа да әдіспен иелік етуге құқығы жоқ.


 6. Әкім аппараты қайта ұйымдастыру және біріктіру

37. Әкім аппаратын қайта ұйымдастыру және біріктіру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.