Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

11.09.2017, 14:43 Жаңалықтар / Үлескерлік құрылыс
Үлескерлерді қолдау орталығы елордалық инвесторлардың мәселесін шешуде жаңа леп берді

Бүгінде елордада үлескерлікпен салу өзекті мәселелердің бірі. Мемлекеттік органдардың, Астана қаласы әкімдігінің күш-жігерімен талдау мен бақылау жүргізу, ведомствоаралық комиссияның отырысы арқасында қазіргі уақытта инвесторлардың мәселесі жолға қойылуда.

Елордада инвесторлардың мәселесін кешенді шешуге бағытталған үлескерлерді қолдау орталығы жұмыс істей бастады.

Инвесторлар үлескерлікпен салуда қаншалықты қолдау көрсетіліп жатқанын және азаматтардың өтініші қалай қарастырылып, мәселелері қалай шешіліп жатқанын айтып берді.

Динара Құмарова, Астана қ. тұрғыны:

- Бүгін мен Үлескерлерді қолдау орталығына бардым, осындай орталықтың ашылғанына қуаныштымын, мен сияқты үлескерлерге бұл мекеменің берер пайдасы көп. Мені тыңдап, мәселеме байланысты кеңес беріп, өзекті мәселелерді шешуге көмектесті.

Майра Мырзағали, Астана қаласының тұрғыны:

«Орталық туралы алғаш рет 2-3 ай бұрын естіген едім, нақтырақ айтқанда Фейсбук әлеуметтік желісінен оқыдым. Жақында пәтер сатып алу туралы ұйғарымға келдім. Қоғам арасында үлескерлік салуға байланысты көптеген дау-дамайдың барын білемін. Осыдан аулақ болу үшін, Сарыарқа ауданының ХҚКО-на келдім. Маған екі маман – заңгер мен прокурор көп көмегін берді. Олар нақты қай тұрғын-үйден лицензиясы бар, құрылыс жүргізуге қажетті құжаттардың бар-жоқтығы туралы айтып, қай баспананы сатып алуға болатынын айтты. Орталық алақол құрылысшылардың алдап-арбауына түспеу үшін нақты 5-6 құрылыс алушыны көрсетті», деді ол.

Күміс Сыздықова, Астана қаласының тұрғыны:

- 2015 жылдың қаңтар айында мен үлескерлермен келісім-шарт жасастым. Соған сәйкес тұрғын-үй 2016 жылы пайдалануға берілу қажет болатын. Содан бері екі жыл өтті, үй салыныпжатқан жоқ. Біз зардап шектік, сол себепті үлескерлерді қолдау орталығына келдік, олар бізге бұл мәселеден арылудың тетіктерін айтып, нақты шешімдер ұсынды. Біріншіден біз ТҚК-нін құрдық, барлық үлескерлер соның құрамында, ТҚК атынан біз прокуратураға шығып, арыз-шағым бердік. Орталық бізге үлкен қолдау көрсетуде.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Үлескерлерді қолдау орталығы «Сарыарқа» ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істейді. Аптасына 3 күн қатарынан қызмет көрсетеді: дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін. Егерде орталыққа келетін адамдардың ағыны артса, орталықтың жұмыс уақыты сағат 18.00-ге дейін созылады. 

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.