Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

13.09.2017, 16:43 Жаңалықтар / Көлік және автожол
Марафонды өткізу кезінде маршруттардың қозғалыс кестесі өзгереді

Елордада 17 қыркүйекте «Astana Marathon 2017» марафоны аясында белгілі көшелерде көлік қозғалысына шектеу қойылуына байланысты қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша өзгерістер енгізіледі, деп хабарлады Астана қаласы жолаушылар көлігі басқармасы. 
17 қыркүйекте марафон өткізу аясында елорданың белгіленген көшелерінде қозғалысқа шектеу қойылады. Осыған байланысты сағат 07.00-ден 13.00-ге дейін 49 маршруттың қозғалыс кестесіне уақытша өзгеріс енгізіледі: № 2, 3, 4, 5, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 18, 20, 22, 23, 24, 25, 26, 28, 31, 33, 35, 37, 38, 40, 41, 44, 46, 48, 50, 52, 53, 60, 61, 71, 73, 80, 105, 106, 300, 302, 303, 304, 305, 308, 309, 312, 313, 315.
14 маршруттың қозғалысы уақытша тоқтатылады: № 15, 19, 21, 29, 32, 51, 56, 70, 101, 102, 500, 501, 502, 506.
Жоғарыда көрсетілген маршруттар бойынша қоғамдық көліктердің жұмысы көшелер ашылған соң қайта қалпына келтіріледі. 
Маршруттардың кестесін upt.astana.kz сайтынан және Telegram мессенджерінен, «Астана LRT» ЖШС - @astrabus_bot сайтынан, немесе келесі сілтеме арқылы табуға болады: https://telegram.me/astrabus_bot, әрі қарай «Марафон-17.09.2017» түймешесін басу қажет.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.