Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

13.09.2017, 18:10 Жаңалықтар / Құқық тәртібі
Астанада «Участок» жедел-алдын алу шарасы басталды

Қыркүйектің 10-нан бастап республика аумағында  Астана қаласының ішкі істер департаменті қызметі мен барлық барлық құрылымдардың және ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясы әскерилерінің қатысуымен «Участок» жедел-алдын алу шарасы жүргізілуде.

Шараның мақсаты – учаскелік инспекторлар, көші-қон, криминалды және патрульді полиция қызметкерлерінің, оның ішінде шұғыл әрекет ету құрылымдары мен басқа да қызметтердің күшімен әрбір әкімшілік учаскелерде құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған жұмыстарды белсенді жүргізу.

Сонымен, 2017 жылдың 1-желтоқсанына дейін учаскелік инспекторлар өз учаскелеріне тиесілі пәтерлер мен аулаларды аралап, тұрғындар жайында ақпараттар алады әрі әрбір тұрғынға учаскенің және ІІБ кезекшілік бөлімінің мәліметтері көрсетілген визит карточкалар үлестіріледі.  

Бұдан бөлек, полиция қызметкерлері саяжай аумақтары, құрылыс нысандары, базар, жалға берілетін мекемелер мен пәтерлер мен үйлерді  аралап, тиісті шара қабылдау үшін тізімдер тиісті органдарға жіберіледі. Полицейлер сонымен қатар полицияның есебінде тұрған азаматтарды тексереді, елге келіп тәртіп бұзған шетелдіктерді, заңсыз көші-қон шараларын ұйымдастырушылар мен шетелдіктерді жұмысқа тартуда ереже бұзғандарды анықтайды.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.