Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

13.09.2017, 18:13 Жаңалықтар / Құқық тәртібі
1 күн ішінде полицейлермен ЖҚЕ-нің 738 бұзушылығы анықталды

12-16 қыркүйек аралығында Астанада «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасы өткізілуде. Аталмыш шараның мақсаты – жүргізушілер арасында көлік ережесінің тәртібін арттыру, жол-көлік апаттарын азайту, сондай-ақ жол қозғалыс ережелерінің бұзушылықтарын алдын алу.  

«Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасы аясында Астана қ. ІІД Жергілікті полиция қызметінің полицейлерімен жол қозғалыс ережелерінің өрескел бұзушылықтарын анықтауға және оны әшкере етуге бағытталған бірқатар рейдтік және профилактикалық шаралар жүргізілуде.

Мәселен, аталмыш шараның бір күнінде полицейлермен жол қозғалыс ережесінің 738 бұзушылығы анықталды, оның ішінде жылдамдықты арттыру – 61, қауіпсіздік белдігін тақпау – 75, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кету – 27, мас күйінде көлік жүргізу – 7, көлік жүргізу кезінде ұялы телефонмен сөйлесу -46. Белгіленген жерде жолды кесіп өткені үшін 86 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Онымен бірге көлік ұйымының өкілдері полицейлермен ЖҚЕ-нің бұзушылықтарын анықтау бойынша шаралар күшейтілді. Шара аясында жолдарда патрульді полиция көбейтілді, Астана қ. ІІД  аппаратымен жол қозғалысына бақылау күшейтілді.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.