Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

13.09.2017, 18:26 Жаңалықтар / Сауда және қызмет көрсету
Астанада Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Өңіраралық ынтымақтастық аясында 16-17 қыркүйекте Астанада Қ. Мұңайтпасов көшесі бойынша «Қазақстан» СК аумағында Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Бұнда 58 шатыр орналастырылып, 100-ден аса сауда нүктесі ұйымдастырылады.

Жәрмеңкеде елорда тұрғындары мен қонақтары үшін Семей, Өскемен қалаларының, Абай, Аягөз, Зырян, Глубокий, Қатон-Қарағай, Ұлан, Үржар, Шемонаиха, Бесқарағай, Бородулиха, Зайсан, Күршім, Көкпекті, Тарбағатай және Жарма аудандарының ауылшаруашылық өнімдері ұсынылады.

Өткізілетін жәрмеңке аясында астаналықтарға жалпы 200 млн теңгеге 349 тонна ауылшаруашылық өнімдері жеткізілмек, оның ішінде: бал -35 т, шұжық өнімдері – 6 т, сүт өнімдері – 11 т, өсімдік майы – 13 т, жарма – 8 т, балық - 8 т, жылқы еті – 45 т, қымыз және өзге де ұлттық тағамдар – 10 т, көкөніс өнімдері – 200 т және т.б.

Айта кетейік, қала тұрғындары мен қонақтары азық-түлік өнімдерін жәрмеңкеде базардың бағасынан 20-30 пайыз төмен сомаға сатып ала алады.

Шара Жарма ауданымен әзірленген шығармашылық ұжымдардың концертімен жалғасады.  

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.