Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

14.09.2017, 14:29 Жаңалықтар / ЭКСПО-2017
ЭКСПО кезінде Астанада қылмыс көрсеткіші шамамен 22%-ға төмендеді

Бүгінде ЭКСПО аумағында 31 қылмыс тіркелді, олардың барлығы әшкере болды. 

Олардың көбісі - көрме аумағына тыйым салынған заттарды алып кіруге әрекеттену, дегенмен бұл бірден көрме аумағының алдында полицейлермен анықталып, тосқауыл қойылып отырған. 

Айта кеткен жөн, осы 3 айдың ішінде қалта ұрлығы, алаяқтық, тонау мен айлакерлік секілді қылмыстар орын алған жоқ. Полиция қызметкерлері елорда тұрғындары мен қонақтары бас қалада өздерін ыңғайлы әрі қауіпсіз сезінуі үшін бар күш-жігерін жұмсады. 

Шетелдік азаматтарға және елорда тұрғындарына қатысты ауыр немесе аса ауыр қылмыстар орын алған жоқ. 

Осындай ауқымды шараны өткізу кезінде полиция қызметкерлерімен тиісті қоғамдық тәртіп қамтамасыз етілді. 

Қалалық әкімдіктің бастамасымен көрме қарсаңында барлық мемлекеттік органдардың қатысуымен кең ауқымды "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу шарасы өткізілді. 

1000-нан астам ҚР Ұлттық гвардияның полицейлері мен әскери қызметкері тартылды. 

Өздеріңізге мәлім, ауқымды шараны өткізу кезінде елордаға шетелдік қонақтар мен туристер келді. Оның ішінде еліміздің әр өңірінен келген адамдар аз емес. Осылайша көші-қон заңнамасының бұзушылықтары үшін 400-ге жуық шетелдік елден шығарылды. 

ЭКСПО көрмесін өткізу кезінде елорда тұрғындары мен қонақтары, оның ішінде шетелдіктер полицейлердің қызметіне көңілі толатындарын айтып, алғыстарын білдірген болатын. Мәселен, маусым айының соңында АҚШ азаматы Са­ша Мишель Гюто - "Кариб елдері" павильоны комиссардың ассистенті полицияға xабарласып, көмек сұраған. Ол такси көлігінде ноутбугын ұмытып кеткендігін жеткізген. Полиция қызметкерлерімен шетелдік азаматты жеткізген жүргізуші анықталды. Жеке заттары бар чемодан шетелдік азаматқа қайтарылды. Гаити мемлекетінің уәкілетті комиссары Глэдис Гюто полицейлердің жедел әрекетіне алғысын білдіріп, ІІД-не алғысxат жолдаған. 

Айта кетейік, аталмыш көрмені өткізу кезінде елордада тіркелген қылмыс 22%-ға төмендеді. 

Жалпы алғанда елордада жағдай тұрақты. 

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.