Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

15.09.2017, 22:01 Жаңалықтар / ЭКСПО-2017
Әсет Исекешев Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыруға және өткізуге ат салысқан үздік қызметкерлерді марапаттады

Бүгін қала басшысы Әсет Исекешев "Астана" концерт залында көрменің дайындығы мен өткізілуіне үлес қосқан қалалық қызметтердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлеріне 25 аталым бойынша құрмет грамоталары мен статуэткаларын тапсырды. 

Халықаралық көрмені ұйыдастыру мен өткізуге жұмылдырылған ең үздік қызметкерлерді марапаттау салтанатында құттықтау сөз сөйлеген қала әкімі Әсет Исекешев аталмыш шараның сәтті өтуіне үлкен дайындық жұмыстары септігін тигізгендігін атап өтті. 

- Үйлесімді жұмыстың арқасындв штаттан тыс жағдайлар орын алған жоқ. Бұған «ЭКСПО-2017» көрмесі қарсаңында қала әкімдігі жанында негізгі 7 бағытты үйлестірген арнайы штабтың құрылғаны септігін тигізді. Атап айтқанда- құрылыс нысандарының, көлік және инженерлі инфрақұрылым нысандарының  (жаңа теміржол вокзалының, әуежай мен қонақ-үйлердің, электр желілері мен 2 қосалқы стансаның, жаңбыр кәріз жүйесінің құрылысы, «Талдыкөл» кәріз қалдығының жойылуы, өтпежолдардың салынуы мен «Бәйтерек» монументінің қайта қалпына келтірілуі) уақыты пайдалануға берілуін қамтамасыз ету; қонақ-үйлердің туристерді қабылдауға дайындығы, қаланы мерекелік безендіру (қонақ-үйлер, мейрамханалар, сувенирлік өнім, еріктілер, қала аумағын тазалау бойынша жұмысты күшейту, тазалық нормаларына сәйкес бақылауды жүргізу, жасылдандыру және кіші сәулет формаларын құру, туристер мен елорда тұрғындары үшін мобильді қосымшаларды әзірлеу); қалада, барлық нысандарда  қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету; қоғамдық көліктердің қозғалысын ұйымдастыру (shuttle bus және «Astana taxi» бірыңғай қызметін ұйымдастыру, іске қосу, қоғамдық көліктің саябақтарын жаңарту, автобустарды аккредитациядан өткізу, бағыт-бағдар жүйесін жаңғырту; қажетті азық-түлік тауар өнімдерімен қамтамасыз ету; денсаулық сақтау (қонақ-үйлерде медициналық пункттерді ашу, жедел-жәрдем қызметінің жұмысын күшейту, 14 медициналық мекемеде елорда тұрғындары мен қонақтарын қабылдауды ұйымдастыру); өңірлерден келетін делегацияның, әсіресе оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету (тамақтандыру, жатын орынмен және көлікпен қамтамасыз ету). Онымен бірге, қаланың тіршілік қарекетінің маңызды салаларын қамтитын шаралардың бірқатар кешенді жоспарлары әзірленіп, іске асырылды.  Атап айтқанда: көлік қызметі, қауіпсіздік және медициналық сүйемелдеу, туристік қызметтер және т.б.,- деді қала әкімі. 

Мемлекеттік мекемелердің, құқыққорғау органдарының, коммуналды қызметтердің қызметкерлері, медицина қызметкерлері, еріктілер қала әкімі Әсет Исекешевтің қолынан құрмет грамоталары мен статуэткаларын алды. "Ең үздік қонақ-үй-қала серіктесі", "Ең үздік мейрамxана желісі-қала серіктесі", "Ең үздік туроператор", "Мәдениеттің ең үздік мекемесі", "Ең үздік медициналық ұйым" аталымдары бойынша үздіктер анықталды. 

Онымен бірге ең үздік медицина қызметкері, ең үздік жедел-жәрдем қызметкері, үздік ерікті, энергетик, электрик, коммуналды саласының ең үздік қызметкері, жылумен, сумен жабдықтау саласының үздік қызметкері, 109 операторының үздік қызметкері, үздік полицей, өрт сөндіруші, инспектор, үздік көші-қон қызметкері, құтқарушы, ең үздік автобус жүргізушісі, кондуктор және т.б. үздіктердің есімдері аталды. Оларға 100 мың теңге көлемінде сыйақы берілді. Әсет Исекешев елорданың әкім грантын үздік 20 еріктіге тағайындады. 

Қала басшысы қорытындылай келе, 3 ай бойы көрменің дайындығы мен өткізілуіне үлес қосып, кәсіби әрі сапалы жұмыс істеп, аянбай еңбек еткен барлық қызметкерлерге алғыс білдірді.  

Марапаттау рәсімінен кейін отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтті. 

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.