Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

22.09.2017, 13:30 Жаңалықтар / Көлік және автожол
Тәшенов көшесі бойынша учаскеде 22 қыркүйектен жол қозғалысы шектеледі

Тәшенов көшесі бойынша Тәшенов қиылысынан Таха Хусейн көшесіне дейінгі аумақта 22 қыркүйек 23:00-ден 25 қыркүйек 06:00-ге дейін көлік қозғалысына толығымен шектеу қойылады. 

Аталған шектеу Тәшенов көшесі бойынша диаметрі 1000 мм кəріз коллекторында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты енгізіледі.

Астана қаласының ІІД ӘПБ елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептелістерге тап болмас үшін өз бағыттарын алдын ала жоспарлауға кеңес береді. 

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.