Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

22.09.2017, 16:08 Жаңалықтар / Көлік және автожол
26 қыркүйекте "Астана - Орал " жүйрік поезды іске қосылады

2017 жылдың 26 қыркүйегінде «Астана-Орал» және «Алматы-Орал» жаңа бағыттары бойынша «Тұлпар-Тальго» жүйрік поездерінің іске қосылады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ деректері бойынша «Астана-Орал» поезды 28 қыркүйек күні 11 сағат 33 минутта «Астана-Нұрлы жол» станциясынан жүреді.Орал станциясына келу – 27 қыркүйек 12 сағат 42 минут.

Жолда жүру уақыты 13 сағатқа (39 сағаттан 26 сағатқа дейін) қысқарады. Тұрақтар келесі станциялар бойынша белгіленді: Астана, Атбасар, Есіл, Құсмұрын, Тобыл, Әйтекеби, Никельтау, Ақтөбе, Қазақстан және Орал.

Әр құрам қазақстандық өндірістің «Тұлпар-Тальго» 27 вагонынан құралатынын атап өту керек, олардың 2 вагоны «Гранд» класынан, 2 – «Бизнес», купе вагоны – 18, сондай-ақ 3 техникалық вагон және 2 вагон-мейрамхана (вагон-бар). Вагондарда жолаушылар үшін, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалды.

Қазақстан Республикасы аумағынан Ресей Федерациясының аумағы арқылы  бақылау ресімдерінен өткізусіз келесі транзитпен мемлекеттік шекара арқылы жүйрік поездарды өткізу ресімдерін жеңілдету мақсатында «1996 жылғы 18 қазандағы т/ж көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеу ерекшеліктері туралы келісімге» өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін еске түсіреміз.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.