Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

22.09.2017, 17:33 Жаңалықтар / Бизнес және кәсіпкерлік
Отандық өндірушілер елорданы етпен үздіксіз қамтамасыз етеді

Астана қаласы ауылшаруашылық басқармасының ақпараты бойынша, ет бағасын тұрақтандыру үшін отандық өндіруші-тасымалдаушылармен келісім жасалды. Келісімшартқа сәйкес, кәсіпкерлер белгіленген баға бойынша етті үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етеді.

Ресми статистикалық мәліметтер бойынша, 2017 жылдың тамызында Астанада инфляцияның деңгейі 99,8% құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына - 98,4% болды.

Сиыр етінің бағасы 0,7%-ға өсіп, 1641 теңгені құрады. Ауылшаруашылығы басқармасы атап өткендей, сиыр еті бағасының өсу себебі өзіндік құнының элементіне қымбаттауы: валюта бағамына байланысты жем, жанар-жағармай, т.б. бағаның өсуінен болған.

Аталған өнім бағасын тұрақтандыру мақсатында отандық ет өндіруші және жеткізуші «Астана агропродукт» ЖШС-мен және 60-тан астам етті саудалаушыларменбелгіленген баға бойынша үздіксіз жеткізуге келісім жасалған. Осы меморандумдар аясында аталған өнімді сату тұрақты түрде әлеуметтік аз қамтылған тұрғындар сұранысын қанағаттандыратын «Шапағат» коммуналдық базары арқылы жүзеге асырылады.

Осылай еттің сатып алу бағасын белгіленді (1250 теңге/кг), алдыңғы сан етінің бағасы 1350 т/кг.

Бұдан бөлек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру үшін қалада үнемі ауылшаруашылық жәрмеңкелері өткізіліп тұрады. Осы жылдың наурыз айынын бастап 48 аймақтық ауылшаруашылық жәрмеңке өткізілді. Онда 25 мың тоннадан астам өнім сатылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көп. Оның 3200 тоннасы барлық ет түрлері. 
Жәрмеңкелер өткізу азық-түлік бағасының төмендеуіне әсер етеді. Республиканың өңірлерімен тауарлар көлемін көбейту бойынша жүргізілген бірлескен жұмыстың арқасында оң динамика байқалады. Қырыққабат (45%), картоп (40,6%), пияз (26,6%) бағалары айтарлықтай төмендеген.

Қант бағасын тұрақтандыру мақсатында шілде айынан тауар интервенциясы жүргізілуде. Ал осы айда сатып алынған күріш пен қарақұмық жармасы бойынша интервенция жүргізу жоспарланған.

-Бұл шаралар барлық тауар топтары бойынша тұтыну өскен жағдайда да бағаны бақылауға мүмкіндік береді. Өнім жетіспеушілігін болдырмайды және бағаның күрт шарықтап кетуіне жол бермейді. Бұл бағытта жұмыстар жалғасын табады, - деп атап өтті ауылшаруашылығы басқармасының басшысы. 

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.