Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

25.09.2017, 18:49 Жаңалықтар / Құқық тәртібі
⁠⁠⁠⁠⁠"Есіл" ауданының ТЖБ өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді

25 қыркүйек «Есіл» ауданының төтенше жағдайлар бойынша басқармасы Астана қ. ІІД ЖПҚ, әкімдігінің қызметкерлерімен бірлесіп, Пригородный тұрғын алабында аулаларды тексеру жұмыстарын өткізді.

Шара аясында тұрғылықты орны белгісіз адамдар жиналуы мүмкінорындарда рейд жүргізілді, мұнда 120 адам қамтылды.Сонымен қатар, қызметкерлер жағдайы төмен отбасылардың, мүгедек жандардыңүйлерін аралап, өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді әрі жадынамалар таратты.

Бұдан бөлек, үгіт-түсіндіру жұмыстары үшін өрт автокөліктерінде орнатылған дауыс ұлғайтқыш құралдары арқылы тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің шаралары оқылып, азаматтарды өз аумақтарында от жағу, қоқыс жағудың қауіптілігі туралы ескерту жұмыстары жүргізілді.

Тұрмыстағы өрттердің алдын-алу мақсатында өрт қауіпсіздігі шаралары көрсетілетін үгіт-насихат бейнероликтер көрсетіледі. Телеарналар арқылы қауіпсіздіктің негізгі шаралары көрсетілген жүгіртпе жолдар жарияланады. Тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі бойынша жадынамалар таратылады.

Атқарылған жұмыс өрт жағдайына өзінің оң септігін тигізіп, 2016 жылмен салыстырғанда 17,6%-ға төмендеді (2016 жылы - 506 өрт, 2015 жылы - 614 өрт), адамдардың қаза болуы 35%-ға төмендеді (2016 жылы -13 адам, 2015 жылы - 20 адам).

«Есіл» ауданының ТЖБ барлық азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауын сұрайды. Сонымен бірге электр шаруашылығы, пешпен жылыту, алдын алу жолдары, жанатын материалдар мен сұйықтықтарға аса назар аудару қажет.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.