Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

29.09.2017, 10:48 Жаңалықтар / Бизнес және кәсіпкерлік
Жыл соңына дейін көше саудагерлерінің барлығы бірыңғай форма киеді

Астана кәсіпкерлері бірыңғай формаға қатысты бастаманы бірауыздан қолдады, деді медиа орталықтың тілшісіне берген сұхбатында Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының жетекшісі Рысгүл Қауғабева.

Бірыңғай форма бірқатар артықшылықтарға ие.

«Біріншіден, бірыңғай форма тез танылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары сол формаға қарап, заңды түрде жұмыс істейтін саудагерлерді ажырата алады», - деді Р.Қауғабаева.

Жазда «Көше саудасына 1000 орын» бағдарламасы шеңберінде қызғылт-сары түсті жаңа форманы алғаш болып жүзге жуық кәсіпкер иеленген болатын. Енді жаңа әмбебап форманы басқа да көше саудагерлері кие бастайды.

«Бірыңғай формаға көшу тәжірибесі сәтті болды. Енді жыл соңына дейін елорда көшелерінде саудамен айналысатан кәсіпкерлердің барлығына енгізуді көздеп отырмыз», - деді басқарма басшысы.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының айтуынша, қазіргі күні арнайы киімнің дизайны, түсі мен жиынтығы елорда кәсіпкерлерімен келістіріліп жатыр.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.