Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

03.10.2017, 15:04 Жаңалықтар / Индустриалды Астана
Индустриалды Астана: «КСС Астана» шыны зауыты толық өндірістік қуаттылыққа шықты

Кәсіпорын жылына дайын өнімнің 100 мыңға дейінгі шаршы метрін шығарады деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

«Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағындағы индустриалды саябақта орналасқан шыныны өнеркәсіптік өңдеумен айналысатын «КСС Астана» зауыты төрт жыл бойы толық қуатта жұмыс істейді. Осының арқасында шыны өнімдерінің өндіріс көлемі бір жылдың ішінде 100 мың шаршы метрге дейін өскен.

Серіктестік 90-ға тарта адамды жаңа жұмыс орындарымен қамтыды.

Зауыт заманауи құны 36 млн теңгені құрайтын еуропалық құрал-жабдықпен жабдықталған. Басқарудың автоматтандырылған процессі шыныны тез арада өңдеп, кесуге мүмкіндік береді. Операторлар компьютерде жұмыс істеуді үйреніп, өндірістік бағдарламаны меңгереді. 

Қазіргі таңда өндіріске жұмыскерлерді қабылдау жалғасып жатыр. Мұнда болашақ қызметкерлерді оқытады.

«КСС Астана» өндірісінің директоры Марина Дмитриеваның сөздеріне қарағанда, зауыт күрделілігі әр түрлі өнімді шығаруға қауқары бар жоғары технологиялық жабдықпен жабдықталған.

«Біз барлығын да басынан бастаған едік. Үш жылдың ішінде біз дайын өнімнің 100 мың шаршы метрін шығарып жатырмыз. Біз бұл тұста тоқтап қалмаймыз деп айта аламын. Біздің зауытта күрделі тапсырыстарды орындауға арналған жабдықты алудан бастап барлығы да рет-ретімен орналастырылған. Бізде бояу бұйымдары, триплекс сызықтары бар. Кешенде біз кез келген технолгиялық тапсырмаларды орындаймыз. Біз бұдан да көп өнімді шығара аламыз. Алайда, бұл ретте штатты кеңейту керек. Өкінішке орай, Қазақстанда дайын мамандарды даярлайтын оқу орындары жоқ. Осыған орай, біздің тағы да бір жетістігімізді атап өткім келеді.Үш жыл жұмыс істеп жатқан қызметкерлер біздің кәсіпорынның базасында оқытылды. Бүгінгі күні оларды жоғары санатты маман деп атауға болады», - деп атап өтті М. Дмитриева.

Кәсіпорында энергия үнемдегіш күннен қорғайтын қабығы бар шыны өндірісінің қатары іске қосылған болатын. «КСС Астана» ЖШС-нің директоры Людмила Шепелеваның айтуынша, шыныны өңдеудің заманауи технологиясының дамуымен инновациялық шешімдердің негізінде жасалған жылу мен знергияны сақтайтын шыны пакеттерді қолдану арқылы жылу энергиясының шығынын айтарлықтай төмендету мүмкіндігі туды.

«Расында да біз жай ғана шыны емес, энергиялық тиімділігі жоғары шыныдан жасалған өнімдерді шығарамыз. Кезінде әлем ғимараттардағы жылуды сақтап, осының негізінде энергияны үнемдеу жайында ойланып қалған еді. Қазақстан бұл мәселемен әлдеқашан айналыса бастады. Бүгінгі күні аталмыш тақырыптың өзектілігі соншалықты: шыны өңдейтін зауыттардың барлығы дерлік энергия үнемдейтін шынылармен жұмыс істейді. Бұл – қымбат өнім. Десек те, ол ғимараттардағы жылуды сақтауға кететін энергияның шығынын өтейді. Бұл – қыста жылуды сақтап, жазда ыңғайлы жағдаймен қамтамасыз ететін ерекше шыны», - дейді Л. Шепелева.

«КСС Астана» «ЕХРО-2017» нысандарына шыны пакеттерді жеткізушілердің негізгілерінің бірі болды. Ол «Нұр Әлем» негізгі көрме павильонын шыныландыру жұмыстарының біраз көлемін орындап шықты.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.