Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

03.10.2017, 16:36 Жаңалықтар / Бизнес және кәсіпкерлік
Астана кәсіпорындарында еңбек қарызына қатысты бірде-бір қақтығыс туындаған жоқ

Жыл басынан бүгінгі күнге дейін қалада еңбек қарызына қатысты бірде-бір дау-дамай орын алған жоқ, деді медиа орталықтың тілшісіне қалалық еңбек, жұмыспен қамту және әлеуеметтік қорғау басқармасында.

Бұған қоса ведомствомен Астана қаласы кәсіпорындары қызметкерлерінің арасында қақтығыс жағдайларды болдырмау бойынша тұрақты негізде жұмыстар жүргізілуде.  Талдау бойынша қақтығыс жағдайлардың негізгі мәселесі қызметкерлерге жалақыны төлеудің кешіктірілуі болып табылатынын көрсетеді.

Бүгінгі күні еңбек шарттары шеңберінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың жұмыскерлері арасында жалақы бойынша мерзімі өткен берешек бөлігінде Астана қаласы бойынша қандай да бір қақтығыс жағдайлар тіркелмеген (жалақыны кешіктірудің жеке бірыңғай фактілері бойынша уақтылы шаралар қабылданады және бұл ошақтар оқшауланады).

Мысалы, айыппұл санкцияларын салмай оларды жою туралы ұйғарымды шығарумен бұзушылықты анықтау тұрғысында объектілерге баруды жүзеге асырамыз, яғни мәжбүрлеу және ұсыну сипатындағы әдіспен жұмыс істейміз.

Еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметіне сәйкес, жұмыс берушілер мен кәсіподақтар арасында ынтымақтастық туралы 18 156 меморандумға қол қойылды.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.