Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

09.10.2017, 16:55 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
«Астаналық» саябақ ТМД бойынша үздік атанды

«Астаналық» саябақ ТМД бойынша 2017 жылдың ең үздік ашық ойын-сауық саябағы атанды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиаорталығы Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына сілтеме жасап.

Сочи қаласында өткен XV «Хрустальное колесо» байқауында біздің саябақ осындай құрметті атаққа ие болды. Аталмыш байқау барысында жыл сайынойын-сауық пен демалыс индустриясындағы көшбасшылар анықталады.

Жалпы байқауға 162 саябақ қатысты. «Астаналық» саябақ жеңіп шыққан «Келушілер саны жылына 500 мыңнан – 1 млн адамға дейін жететін үздікашық ойын-сауық саябағы» номинациясы ең ірі аталым.

ТМД аумағында 2014 жылы Қысқы Олимпиада Ойындары қарсаңында ашылған Сочи-саябағынан басқа барлық саябақтар осы санатқа жатады. Үздіксаябақ атағы үшін Мәскеу, Санкт-Петербург, Минск, Тбилиси және басқа да ірі қалалардың саябақтары таласты.

ТМД аумағындағы үздік ашық ойын-сауық саябағы атану – үлкен құрмет. «Астаналық» саябақтың бұған өзінің көпфункционалдылығының арқасындақол жеткізіп отырғандығын атап өтті. Саябақта аттракциондардан басқа қалалық жағажай, ашық бассейн аймағы, спортпен шұғылдануға арналғаншаңғы-роллерлік трасса бар. Мұнымен қоса, жаз бойы күн сайын «Саябақтың 7 ғажайыбы» ойын-сауық шарасы мен апта сайын жексенбі күндер і«Fitness Park Astana» жаттығулары өткізілді («Астаналық» саябақ туралы бейнероликті https://youtu.be/ApVKK3qD9zA сілтеме бойынша көругеболады).

«Астаналық» саябақтың ТМД аумағында үздік деп танылуы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алға қойған Қазақстанды мәдениетсаласындағы жетістіктері арқылы танымал ету сынды мақсатқа қол жеткізудің белгісі. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында мәдениет пен жаңғыру арқылы ұлттық сананы кеңейтуге ерекше назар аударады. Осы саясатты ұстана отырып, сондай-ақ, жаңа міндеттерді алға қойып, біз саябақтарды дамытуға және Астана тұрғындары мен қонақтары үшін жалпыға қолжетімді демалысты ұйымдастыруға баса көңіл бөлеміз. Бұл елордадағы мәдени-бұқаралық демалыс орындарын дамыту жолындағы көп жылдық қажырлы еңбектің нәтижесі. Бұл еліміздегі саябақтарға қатысты осындай ірі алғашқы марапат және оны Астананың 20 жылдығына арнаймыз», - деді Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Болат Мажағұлов.

Байқау форум форматында өтті. Төрт күн бойы түрлі мемлекеттердің ойын-сауық индустриясының өкілдері өзара тәжірибе бөлісіп, оқыту семинарларына қатысты. Шара Ресейдегі ең ірі және ТМД аумағындағы жыл сайын келушілер саны 1 млн адамнан асатын саябақ саналатын Сочи-саябағының аумағында өтті.

Суретте: оңнан солға қарай–«Астана қаласының коммуналдық меншік қоры» МКК директоры Еркен Қасенбеков, Астананың Мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының жетекшісі Болат Мажағұлов, «Астана қаласының коммуналдық меншік қоры» МКК директорының орынбасары Ғани Хасенов

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.