Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

11.10.2017, 17:00 Жаңалықтар / Әлеуметтік сала
«Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясы қорытындыланды

Астана әкімдігінде «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы қорытындыланды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

«Мектепке жол» IХ дәстүрлі жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы Астана қаласында 2017 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында «Менің таңдауым - балаларға көмек көрсету!» ұранымен өткізілген.

Акцияның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету.

«Осымен 9 жыл қатарынан өткізіліп отырған акция аясында 48 мыңнан астам балаға жалпы алғанда 435 млн теңге көлемінде заттай көмек көрсетілді. Соның ішінде демеушілер мен қайырымдылық қорлары арқасында 223 милионнан астам теңге көлемінде көмек берілген», - деді Астана қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Дулат Жекебаев.

Акция барысында тамыз айының 19-20 және 26-27 күндерінде мектеп жәрмеңкесі ұйымдастырылды, онда мектеп формасы, оқулықтар, сөмкелер, портфельдер, рюкзактар, кеңсе заттары, мектепке арналған аяқ киім мен күртешелер т.б. өнімдер төмендетілген бағамен сатылды. Жалпы жәрмеңкеге 10 мыңнан астам адам қатысқан.

Атап өтетін маңызды жайт, аталмыш науқан жыл бойы өз жұмысын жалғастыратын болады.

Жәрдемге мұқтаж жандар көмек алу бойынша мектеп басшылығына өтінім қалдыруларына болады.Сонымен қатар, білім басқармасы мамандарына хабарласуларына болады: 557249, 557467.

Бүгін Астана қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Дулат Жекебаев акцияға белсенді атсалысқандарға рахметін айтып, алғыс хаттар табыстады.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.