Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

11.10.2017, 21:23 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
Астана қаласына 5 мың тоннадан астам көмір жеткізілді

Осы күнге дейін қалаға 46,7 мың көмір жеткізілген, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

«1 қыркүйек 11 қазан аралығында Астана қаласына 50 мыңға тақау көмір жеткізілді. Қаламызға көмір әртүрлі кен орындарынан жеткізілуде – «Майкөбе», «Қаражара», «Богатырь», «Сарадыр» және «Шұбаркөл». Тұрғындар арасында «Шұбаркөл» көміріне сұраныс жоғары», - деп атап өтті Астана қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Рысгүл Қауғабаева.

Рысгүл Қауғабаеваның айтуынша, Астана қаласында көмір тапшылығы жоқ.

«Қазіргі күні кен орнынан артылған 7 мың тонна көмірдің 5 600 тоннасы Астанаға жеткізілді. Және де осы екі күн ішінде тағы 5 мың тонна көмір жеткізіледі. Күн сайын тек осы «Шұбаркөл» көмір түрінен қалаға 1,5 мың тонна жеткізілетін болады», - деді Рысгүл Қауғабаева.

Қала бойынша көмір сататын 15 орын бар. Оның ішінде 7-і ірі сатылым орындары.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.