Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

12.10.2017, 10:17 Жаңалықтар / Индустриалды Астана
Индустриалды Астана: «СтальЦинк» еліміздегі барлық жол қоршауларының талабын қанағаттандырмақ

Жол қоршауларын дайындайтын «СтальЦинк» зауыты жаңа конструкциялық кедергі қоршауларын шығаруға кірісті, деп хабарлайды елорда медиа орталығы.

Республикамыздағы ірі жол кедергісін өндіретін «СтальЦинк» зауыты жылына 12 мың тонна өнім шығарады. Кәсіпорын 50 адамды жұмыспен қамтып отыр. Былтыр желтоқсан айынан бері зауытта жаңа кедергісі бар қоршаулар жасалып шықты. Оның құрамында: СБ-1 секциясы, СД2 жол бағаны және КА-1 консоль-амортизаторы бар. Жаңа конструкция Ресейдегі «НАМИ» автополигонындағы сынақтан сәтті өтті. Мұндай конструкциялар «Астана-Павлодар-Қалбатау-Өскемен» Орталық-Шығыс дәлізіндегі объектілерде орнатылып жатыр.

Зауыттан шыққан арнайы кедергі қоршаулары автотрассаларда жолақтарды бөлуге арналған, ол жолда орын алатын қауіпті оқиғалардың алдын алуға лайықталған. Дәл осындай қоршауларды «СтальЦинк» ЖШС «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автомагистралі үшін, сондай-ақ осы зауыт өндірген жол қоршаулары Астана-Щучинск трассаларына да орнатылған.

«Шығарылым жағынан үлкен күшке иеміз. Біздің өнімдер австриялық автоматты құрал-жабдықпен дайындалады, жылына 8000 тонна өнім шығарамыз. Аталмыш құрал-жабдықпен дайындаған өнімдеріміз қосымша операцияларды қажет етпейді. Қазіргі таңда өндіріс алаңында нарықта жол кедергі қоршауларына қанша сұраныс бар, соған орай өндіріп жатырмыз. Онда күрделі түрлі металл конструкцияларын, оның ішінде жарықтандыруды сүйеп тұратын өнім де шығарылуда. Зауыт дайындаған барлық өнім ыстық цинкілеуден өтеді», - дейді «СтальЦинк» ЖШС өндіріс бойынша директоры Мұрат Байлин.

Өндірілген жол қоршаулары ұсынылған өнімге қатысты барлық талапқа сай. 2011 жылы кәсіпорын бекітетін болт, гайка сияқты өнімдерді шығаратын. Өндірісте қолданып жатқан құрал-жабдық жоғары технологиялы және мол өнім беретін болып саналады. Аталған өндірістің жылдық қуаты 5 мың тоннаны құрайды.

«Бүгінде зауытта диаметрі М5-тен М22-ге дейін, ал қаттылығы 4,8-ден 8,8 дейін болт пен гайка дайындауға қауқары жетеді. Өндірілген болттың ұзындығы 200 мм дейін. Барлық бекіткіш өнімдер автоматты құрал-жабдық арқылы гальваникалық цинкілеуден өтеді», - дейді Мұрат Байлин.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.