Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

12.10.2017, 12:13 Жаңалықтар / Құқық тәртібі
Жыл басынан бері Астанада қаланы абаттандыру қағидаларын бұзған 173 жүргізуші жауапкершілікке тартылды

Астана қаласы ІІД жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен қала аумағында қоқыс қалдықтарын тастауға жол бермеуге бағытталған іс-шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Өткізілген шаралардың барысында «Есіл» ауданында Астана қаласының «Есіл» аудандық ІІБ ЖПҚ табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері Тұран даңғылы мен Ұлы Дала даңғылы жалғасқан көшеде «Sinotruk» және «Howo» маркалы көліктер жүргізушілерінің лайықты емес орында құрылыс қалдықтарын төккенін анықтады.

«Жүргізушілер ҚР ӘҚБтК 505 бабы «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын -бұзу…» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 20 АЕК (45 380 теңге) айыппұл салынды. «Howo» көлігі айыппұл тұрағына жеткізілді», - делінген ЖПҚ-нің хабарламасында.

Бұдан бөлек, тәртіп сақшылары Қабанбай даңғылында орналасқан «Алау» СК ауданындағы саяжай алқаптарын бұзу жұмыстарын мердігерлік ұйым - «Дархан Аби» ЖШС жүзеге асырып жатқандығын анықтады.

Аталмыш фактіге сәйкес, «Дархан Аби» ЖШС ҚРӘҚБтК 505 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Серіктестікке 40 АЕК (90 760 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Астана қаласы ІІД жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, 2017 жылдың басынан бері елордада қоқыс қалдықтарын қалдыруға лайықталмаған орындарда қарларды шығарып, лас сұйықтықты төккен 173 жүргізуші жауапкершілікке тартылған. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 5 млн 200 мың теңгеден асады.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.