Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

12.10.2017, 14:24 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
Мектеп оқушылары төтенше жағдайлар департаментінің мұражайын аралады

Таяуда Астана қаласы «Есіл» ауданы ТЖБ-ның қызметкерлері «Балаларды өрттен қорғайық» деген ұранмен Назарбаев зияткерлік мектебінің 3 және 4 сынып оқушылары үшін ТЖД-нің мұражайына экскурсия ұйымдастырды.

Үгіт-профилактикалық шараның мақсаты - балалар мен айналаның қауіпсіздігіне деген жауапкершілікті ұғындыру деп, хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы. 

«Балаларды өрттен қорғайық!» ұранымен өткен іс-шараға барлығы 210 мектеп оқушысы қатысты. Шараға шақырылған «Назарбаев зияткерлік мектебінің» 3 және 4 сынып оқушылары қалалық ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ 2-МӨСБ ғимаратында орналасқан мұражайға Әкімшілік полицияның сүйемелдеуімен арнайы бөлінген автобустармен жеткізілді. 

Саяхат барысында көрермендер «ӨС және АҚЖҚ» ММ 2-МӨСБ-нің техникасымен танысып қайтты. Сондай-ақ, олардың назарына Отанға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру мақсатымен ержүрек құтқарушылар туралы бейнесюжеттер ұсынылған болатын. Іс-шара барысында балалар өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, оларға толыққанды жауап алды. 

Кездесуде «Балалардың отпен ойнауы», «Сіріңке балаларға ойыншық емес», «Балалардың әйнектен құлауы», «Өрт сөндірудің алғашқы құралдары», «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі» және басқа да тақырыптар қозғалды.

Шара аяқталған соң әр балаға «Пожарный и спасатель» журналдары, жадынамалар мен газеттер таратылды.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.