Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

12.10.2017, 14:30 Жаңалықтар / Құқық тәртібі
Астанада көліктегі заттарды тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Криминалдық полиция қызметкерлері көліктегі заттарды тонаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Астана қаласының ІІД-нің криминалдық полиция қызметкерлері 11 қазан күні автокөліктегі заттарды  тонаумен айналысқан, үш адамнан құралған қылмыстық топты ұстады. Екеуі бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотталған.

Қаскүнемдер «кодграберді» қолдана отырып, балалар мекемесінің (балабақша, мектеп маңында), сауда ойын-сауық орталықтарының және базарлардың жанына тұраққа қойылған автокөліктерді таңдай отырып, автокөлік салонына енген.

Олар қылмыс үстінде ұсталды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. ҚР ҚК-нің «ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұсталғандар уақытша қамау изоляторына қамалды. Олардың қала аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Ішкі істер департаменті ұрылардың автокөлікті заманауи техникалық құралдарды пайдалана отырып, сондай-ақ, автокөлік шынысын сындырып ашып алуы мүмкін болғандықтан,елорда тұрғындарына құнды заттар мен ақшаларын көліктерінде қалдырмауларын сұрайды. 
Өз мүліктеріңізгемұқият болыңыздар!

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.