Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

12.10.2017, 21:12 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
Астана аумағында пайдалы қазбаларды заңсыз өндірушілерге қылмыстық жауапкершілік туралы ескертілді

Заңсыз жұмыс жасап, аса ірі көлемде залал келтіргендерге 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы. 

Астана қаласы аумағында пайдалы қазбаларды арнайы келісімшартсыз немесе мемлекеттік органнын арнайы рұқсаттама құжатынсыз қазуға болмайды, деп хабарлады қала әкімдігінен.

«Астанада жер қойнауын пайдалану және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру құқығын беру бойынша комиссия отырысының 2012 жыл 11 мамыр №2 хаттамасына сәйкес Астана қаласының аумағында жер қойнауын пайдалану құқығын беру, барлау және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған конкурс өткен емес, өйткені қаланың Бас жоспарына қайшы», - деп хабарлады қалалық әкімдік.

Қазіргі уақытта, қалалық әкімшілік аумағында барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге рұқсат берілмеген.

«Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес, жер қойнауын өз бетінше пайдалану, пайдалы қазбаларды өндіру үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Осыған дейін осы тектес қылмыс жасағандар тек әкімшілік жауапкершілікке тартылатын», - деп хабарлады.

2015 жылдан бері жер қойнауын өз бетінше пайдалану, пайдалы қазбаларды өндіру үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Егер аса үлкен көлемде зиян келтірген болса Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес 3 мың АЕК айыппұл салынады немесе 2 жылдан 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру қаралған.

«Айта кететін жайт, Қылмыстық кодекс бойынша өндіріске қолданған құрал-жабдық, өзге де мүлкі сонымен қатар қаржысы тәркіленуге жатады. Пайдалы қазбаларды жер қойнауынан өндіру анықталған жағдайда заңсыз өндіріске жұмылдырылған көлік құралдары да тәркіленеді. 

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, жер қойнауы мен оның құрамындағы пайдалы қазбалар мемлекет меншігінде.

Жер қойнауы Қазақстан Республикасының мемлекеттік меншігі және егемендіктін негіздерін құрайды.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.