Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

16.10.2017, 16:48 Жаңалықтар / Абаттандыру
Әсет Исекешев қар түскенше құрылыс жүріп жатқан жолдарды аяқтауды тапсырды

Бүгін аппарат жиналысында қала әкімі Әсет Исекешев аудан әкімдеріне қар түскенше жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жолдарды реттеуді тапсырды, - деп хабарлайды Астана қаласы әкімінің медиа орталығы.

Қаламыздың үш ауданында тұрғын үй кешендерінің аулаларын абаттандыру жүруде.

«Біз Қобыланды7-дегі спорт алаңын аяқтап қалдық, ол жерде үлкен футбол алаңы болады. Ал, тазалық және жылыту маусымы бойынша жұмыстар ойдағыдай», - деп айтты «Алматы» ауданы әкімінің орынбасары Талғат Тілеуов .

 «Есіл» ауданында да абаттандыру жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Қазіргі таңда «Құлагер 1», «Құлагер 2», «Құлан», «Сауран» тұрғын үй кешендері мен «Триумфальный»  саябағы абаттандырылған.

«Біз 270 көлікке арналған автотұрақ орнын және аулааралық жолдарды аяқтадық, оның ішінде 23-і  дайын, қалғанын келер жылы аяқтаймыз», - деді «Есіл» ауданының әкімі.

Осы күні «Сарыарқа» ауданында 195 аула абаттандырылған және 60-ында асфальт төселген.

«Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда,  күн райы қолайлы болса жұмыс жүре береді. Жыл басынан бері 75 үйге 114 жарық орнаттық, алдағы уақытта 244 үйді қамтып, жыл соңына дейін аяқтау жоспарда бар», - деп айтты «Сарыарқа» ауданы әкімі.

Жалпы алғанда қаланы абаттандыру жұмыстары жоспарға сай жүруде. Қала әкімі аудан әкімдеріне құрылысы бітпеген көшелер мен жолдарды қар түскенше аяқтауды тапсырды.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.