Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

20.10.2017, 18:22 Жаңалықтар / Көлік және автожол
Жұбанов көшесі 23 қазанға дейін қозғалыс үшін жабық болады

Жүргізілетін жөндеу жұмыстарына байланысты қоғамдық көліктердің қозғалыс бағыты өзгеретін болады деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Абай даңғылы мен Кеңесары көшесі аралығында жатқан Жұбанов көшесінің учаскесінде 21 қазанда сағат 20.00-де қозғалыс шектелетін болады. Жоғарыда аталған жол учаскесіндегі қозғалыс 23 қазанға дейін жабық болады. Осыған байланысты № 5, 73 автобустардың қозғалыс бағыты Жұбанова көшесінен Брусиловский көшесіне ауыстырылады.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.