Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

21.10.2017, 09:31 Жаңалықтар / Мәдениет
Демалыс күндері елордада бірқатар мәдени іс-шара өтеді

Көрмелер, концерттер, қойылымдар, байқаулар. Осындай мәдени шараларға елорда тұрғындары мен қонақтары 21-22 қазанда бара алады деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Тәуелсіздік сарайында қазанның 31-не дейін Бексейіт Төлкеевті еске алуға арналған «Silkwayart»  көрмесі, Жанна Спунер, Мұхтар Байбосынов еңбектерінің көрмесі, «Тәуелсіз Қазақстанның тарихы» атты көрме жұмыс істейтін болады.

21 қазанда сағат 15:00-де «Жастар» сарайында  «Тату отбасыда» атты украин халқы шығармашылығының халықаралық фестивалі басталмақ. Ал жексенбіде мұнда таңертеңнен бастап, «ART GLOBAL» халықаралық көпжанрлы өнер байқау-фестивальі өтеді деп жоспарлануда.

Астана - опера осы аптада «Ұйқыдағы ару» балетін көпшілік назарына ұсынады. Қойылымды 22 қазанда тамашалауға болады.

Сенбі, 21 қазанда сағат 18:00-де Бейбітшілік және келісім сарайында қала тұрғындары мен қонақтары үшін К. Хабенский мен «Солисты Москвы» ансамблімен кездесу мүмкіндігі туады. Ал 22 қазанда сағат 19:00-де мұнда «Шабыт» университетінің есептік концерті өтеді деп күтілуде.

Ал «Астана» концерт залында 21 қазанда сағат 17:30-да Тимур Мыңбаевтың шығармашылығына арналған симфониялық оркестрдің XVIII концерттік маусымы ашылады.

«Алжир» мұражайында 30 қазанға дейін «Репрессия тарихы бала көзімен» көрмесі жұмыс істемек.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.