Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

13.11.2017, 14:59 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
Астанада кадрлық ауыс-түйістер орын алды

Бүгін аппараттық кеңесте елорда әкімі Әсет Исекешев жаңа кадрлық тағайындау жөнінде мәлімдеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Қаланың қорғаныс істері департаментінің басшысы болып полковник Ардақ Кукатов тағайындалды.

А. Кукатов кадрлық офицер, ол бұған дейін бірқатар жетекшілік қызмет атқарған болатын. Атырау және Қарағанды облыстарының  қорғаныс істері департаментін басқарды.

Жаңа тағайындауға сәйкес, елорда әкімі оған азаматтарды міндетті әскери қызметке шақырту шараларымен уақытында әрі сапалы түрде қамтамасыз ету жұмыстарын белсенді ете түсуді тапсырды.

Елорданың мобилизациялық дайындығы мәселелеріне қаланың әскери қызметке шақырту комиссиясының төрағасы болып табылатын Астана қаласы әкімінің орынбасары Асқар Амрин жетекшілік ететін болады. 

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.