Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

14.11.2017, 09:44 Жаңалықтар / Сауда және қызмет көрсету
Астанада қызмет көрсетуді жақсарту бойынша семинар өтеді

19 қарашада Radisson қонақ үйінде қызмет көсету сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері үшін семинар өтеді деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Семинардың мақсаты – жоғары дәрежелі қызмет көрсетуді ұғынуды қалыптастыру, клиенттерге қызмет көрсетудің маңызды деген аспектілерін түсіну», - делінген ұйымдастырушылар таратқан хабарламада.

Астана қаласының қызмет көрсету сапасы Академиясы кездесудің ұйымдастырушылары болып табылады.

Семинарды қызмет көрсету мәдениеті саласының америкалық маманы бірнеше кітап пен оқыту бағдарламаларының авторы, уәждемелік спикер, бизнесмен Джон Шоул жүргізеді. Ол қызмет көрсету стратегиясын енгізу бойынша әлемнің жетекші компанияларына қырық жылдан астам уақыт кеңес беруде.

Іс-шара қалалық әкімдіктің бастамасымен өтетін болады.

«Біздің қаланы шетелдік және қазақстандық инвесторлар үшін тартымды ету керек. Бізде қызмет қашанда жоғары дәрежеде көрсетілуі тиіс», - деді Астанадағы қызмет көрсету сапасы академиясының жетекшісі Жанар Үсіпбаева.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.