Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

14.11.2017, 14:22 Жаңалықтар / Көлік және автожол
«Көктал» тұрғын массивіне жаңа автобус қатынайтын болады

16 қарашадан бастап № 71 автобус бағдарының қозғалыс сызбасы өзгереді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

«Көктал-2» ТА – «METRO» гипермаркеті бағыты бойынша жүретін № 71 бағдарында жаңа ыңғайлы «Iveco» маркалы автобустар қызмет көрсететін болады.

Сондай-ақ, № 71 бағдары үлкен көлемді автобустармен қызмет көрсетілуіне байланысты, бағдардың жүру сызбасы өзгереді.

«Көктал-2» ТА бастапқы нүктесінен Жұмабаев пен Обаған көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз, ары қарай Жұмабаев көшесімен тура - солға Балқантау көшесіне, одан ары ағымдағы сызбаға сәйкес.

Кері бағытта ағымдағы ұқсас қозғалыс үлгісі бойынша.

Сондай-ақ, 16 қарашадан бастап «Достык» ОДО – стела «Звезда Астаны» бағытындағы № 18 бағдары  бойынша автобустар саны 16-дан 20-ға көбейеді, қатынау жиілігі 11 минуттан 9 минутқа дейін қысқарады.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.