Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

14.11.2017, 16:34 Жаңалықтар / Құқық тәртібі
Жүйелі шешімдерді қабылдаудың арқасында елордада ЖКА азайғаны байқалады

Кешенді шараларды әзірлеу,соның ішінде "Сергек" жобасын енгізуде елордада ЖКА азайғаны байқалады, деді қалалық әкімдікте өткен аппарат отырысында Астана қалалық ІІД бастығы Амантай Әубәкіров.

Қарашаның 4 мен 10 аралығында қала жолдарында 7 жол-көлік апаты орын алды (2016 жылы - 14), нәтижесінде 7 адам (2016 жылы - 14) түрлі дене жарақатын алып біреуі (2016 жылы 2 адам) көз жұмды.

Осы аралықта қоғамдық орындар мен көшелерде 61 қылмыс тіркелді (өткен жылдың салыстырмалы кезеңінде 170 оқиға).

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.