Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

14.11.2017, 16:41 Жаңалықтар / Құқық тәртібі
Астанада «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы жалғасып жатыр

10 қыркүйектен бастап республика бойынша «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Шараға ҚР ІІМ Ұлттық ұлан әскери қызметкерлері мен елордалық Ішкі істер департаменті бөлімшелерінің жеке құрамы тартылды.

1 желтоқсанға дейін учаскелік инспекторлар пәтерлер мен тұрғын үйлерді аралап, тұрғындар жайлы мәлімет, сондай-ақ өзінің және ІІО кезекші бөлімдерінің байланыс телефон номерлері жызылған визиткаларын таратуда.

Жедел алдын алу іс-шарасы басталғалы учаскелік инспекторлар 238395 пәтер мен жеке тұрғын үйді аралаған. Астана қаласы ІІБ-ның ақпараты бойынша, учаскелік инспекторлар қадағалауында 3667 адам тұр, 5 мыңнан астам тұрғылықты жері жоқ тұлға анықталған, 499 шетел азаматы түрлі заң бұзушылыққа байланысты елден шығарылды немесе елде болу мерзімі қысқартылды, 12640 адамның азаматтық қаруы тексерілді.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.