Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

24.11.2017, 10:04 Жаңалықтар / Ең үздік брендбук байқауы
Астана қаласының 20 жылдығына арналған үздік брендбукты әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылды

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасы астанасынның мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына арналған үздік брендбукты әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын және бекітілсін. Осы өкімнің орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев жүктелсін» делінген құжатта.

Сонымен қатар, жұмыс тобының құрамына ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Каналимов,  ішкі саясат басқармасының әкімшілік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Досжан Исабек кіріп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, үздік деп танылған логотип пен ұран Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын атап өту, ақпараттық себепті қалыптастыруға бағытталған жарнамалық, маркетингтік және басқа да шараларда әрі қаланың мәдени, туристік және әлеуметтік потенциалын жақсартуға пайдаланылады.

Конкурстың қорытындысы бойынша комиссия үздік бренбукті таңдап, жеңімпазға 8 млн теңге табыстайды.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.