Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

06.12.2017, 10:05 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
«Ашық әкімдік»: жыл басынан бері жарты миллионға жуық азаматтардың өтініші қаралды

Қала билігі астаналық тұрғындармен заманауи коммуникациялық арна арқылы диалогқа шығуды тиімді пайдаланып отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Астана әкімдігінің коммуникациялық бөлімшесі жыл басынан 587 148 азаматтың өтінішін қарады. Қала әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасымен қалалықтарға ыңғайлы болу үшін барлық басқарма басшылары мен басқа да құрылымдық бөлімшелердің «Фейсбукте» аккаунттары ашылды.

Түскен арыз-шағымдарға қарап жасалған талдаудың нәтижесінде, тез арада шешімін табуы тиіс деген ең өзекті топтастырылған 7-сұрақ анықталды:

1.  ЖПК жұмысына көңіл толмаушылық (су жабдығы мен электроэнергиясын сөндіру, пәтерлерде жылу мен су қысымының жоқтығы, шатыр жабындысы, қираған подъездер, кеміргіштерді улау және т.б.) – 16149 шағым – 38,2%.

2.  Абаттандыруға байланысты мәселелер – 4411 шағым – 10,4%.

3.  Қарды уақытында шығармау – 3548 шағым – 8,4%.

 4. Үйлер мен көшелерді су басып кетуі – 3305 шағым – 7,8%.

 5. «Астана су арнасы» МКК сумен жабдықтауға қатысты (сумен жабдықтаудың жоқтығы, су ағу, құбырдың үзілуі, көше колонкалары және т.б.) – 2342 шағым – 5,5%.

 6. «Астана РЭК» АҚ электроэнергиясын беруге байланысты мәселелер (жоспарлы/жоспардан тыс сөндіру) сымдардың үзілуі) – 1303 шағым – 3%.

 7. Жылумен қамтамасыз ету/отынмен жылытуға қатысты мәселелер (отынмен жылыту параметрлері, жылудың келмей қалуы, үзіліп қалуы және т.б.) – 819 шағым – 1,9%.

Астана әкімдігі қалалықтармен бірлесіп әрекеттесуде тиімді ақпарат саясатын жүргізіп жатыр және ол үшін ең заманауи коммуникациялық құралдарды кеңінен қолдануда. 

Сарапшылардың пікірінше, бұл астаналық және «Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» ауданы әкімдігінің мекенжайына бағытталған жағымсыз шағымдардың санын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берген. 

Бұған бірнеше коммуникациялық каналды пайдаланудың арқасында жетті.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ АВТОМАТТАНДЫРУ

«НИТ» АҚ бірлесіп «Аймақтағы электронды үкімет шлюзі» жүйесі енгізілмек. Мемлекеттік қызмет регламентінің көбісі қалалық әділет департаментінде тіркеліп, қаулыға сәйкес бекітіліп қойды.

Ал қалған процедуралар мемлекеттік қызметке сәйкес, орталық атқарушы органдардың стандарты бекітілгеннен кейін жасалады.

ХҚКО ҚАҒИДАСЫ БОЙЫНША АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ

Қала тұрғындарымен жұмыс жасау бөлімі 2017 жылы сәуірде ашылған болатын, мұнда күн сайын 600 адамға қызмет көрсетіледі. Осы аралықта мұнда 184 764 қала тұрғыны жүгінген. Қабылдау қалалық әкімдіктің ғимаратында жүргізіледі. Мұнда Астана халқы қалалық басқарманың құзыретіне кіретін мемлекеттік қызмет туралы ақпарат алады. Әрбір жүгінуші кәсіби кеңес алып, бірден бірінші қабаттағы өзіне қажетті басқарманың кеңсесіне жіберіледі.

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫ

Қаралған шағымдар саны – 3 956. Оның  3 487-не түсініктеме берілді. 465шағым – оң шешімін тапты.

Астана қалалық партия филиалы қала басшылығы мен азаматтық қоғамның арасын байланыстырып тұрған маңызды буын. Ол астаналық тұрғындарды маңызды қоғамдық жобаларды іске асыруда құқығын қорғап, әлеуметтік саладағы проблема мен талабын бақылап отырады. 

«109 КЕЗЕКШІ ҚЫЗМЕТІ» МБ

«109 қызметі» Мемлекеттік басқарма. Жыл басынан мұнда 386 807 шағым қаралды, оның 37 844 – коммуналдық-тұрмыстық сұрақтар, 348 963 – ақпараттық-анықтама.

109 кезекші қызметі тәулік бойы астананың тыныс-тіршілігіне мониторинг жүргізеді. Төтенше жағдай болған және коммуналдық-тұрмыстық сипаттағы мәселелер шыққан кезде қала қызметін үйлестіреді.  

«SMART ASTANA» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ

Осы уақытқа дейін 4 290 шағым түсті. Жыл басынан 1 503 түскен, оның 1 472 қаралды. Веб-портал мен «Smart Astana» мобильді қосымшасы Астана билігі мен қалалықтардың бірлесіп әрекеттесуді оңтайландыру және қалалық сервисті танымал етіп, астана тұрғындары мен қонақтары үшін сапалы ақпарат пен қолжетімді болудың деңгейін жоғарылату мақсатында іске қосылған.

БІРЫҢҒАЙ ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҮЙЕГЕ ЖҮГІНУБЭЖЖ

8 591шағым келіп түскен. Бақылауда – 730 тұр. Бірыңғай электронды жүйеге жүгіну астананың тыныс-тіршілігіне қала тұрғындарын тартудың мүмкіндігін кеңейту және тұрғындардың өтініштеріне жедел жауап беру мақсатында енгізілген. Астана қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері азаматтардың электронды өтініштеріне тікелей жауап беруі қамтамасыз етілген.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ АРҚЫЛЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ЖҮГІНУІ

Facebook әлеуметтік желісінде «Астана 24/7» тобы мен танымал Telegram мессенджері қолжетімді. Медиа орталықтың жұмыс жасау кезінде 2 137 шағым табылып, оның 1 878 қаралды.

Telegram мен Facebook желісіндегі Астана 24/7 – Астана қаласы әкімдігінің ресми тобы. Елорданың тұрғындары мен қонақтары өздерінің сұрақтарына, шағымдары мен өтініштеріне, ұсыныстарына нақты әрі ресми ақпарат түрінде ұсынылған жауап ала алады. Тек осында ғана Астананың ресми өкілдері шоғырланған. 

Қала тұрғындары өздерінің ұсыныстары мен шағымдарымен осы топқа шыға алады, сонымен қатар астаналық әкімдік басқармасының бірінші басшысына кез келген сауалды қоя алады. Осы мақсатта «Фейсбукте» қалалық басқармалар мен барлық аудандық аппараттың ресми парақшалары құрылды. 

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.