Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

06.12.2017, 15:34 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
Астанада 700-ден астам автобус траппен жабдықталған

Астанада «Тең мүмкіндіктер жолы» республикалық акциясы өтуде, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Бүгін Астана қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасының, жолаушылар тасымалы басқармасының және Астана қаласы көлікті бақылау инспекциясының қызметкерлері бірлесіп мүмкіндігі шектеулі жандарды отырғызу және түсіру функциясы бар (пандустар және т.б.) автобустардың нақты санын анықтау мақсатында рейд жүргізді.

Акция аясында полиция қызметкерлері қалалық бағдарларда қызмет көрсететін № 1 автобус паркінде (Пушкин көшесі бойында) рейд өткізіп, паркке тиесілі қоғамдық көліктердің пандустармен қамтамасыз етілуін және олардың жарамдылығын тексерді.

Бүгінгі таңда қалаішілік бағыттар бойынша 1125 автобус қызмет көрсетеді (сонымен қатар жоспарлы шығу 878 бірлікті құрайды), оның ішінде коляскада жүретін мүмкіндігі шектеулі жандардың мініп түсуіне ыңғайлы болу үшін 729 автобус жиналмалы құрылғымен (трап) жабдықталған.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.