Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

07.12.2017, 11:27 Жаңалықтар / Үлескерлік құрылыс
Астанада ұйымдастырушысы жылжымайтын мүлікке орасан жеңілдік ұсынған жәрмеңкеге тыйым салды

Астана әкімдігі азаматтарға жылжымайтын мүлік алғанда мұқият болып, құрылысшымен үлескерлік заңнамаларға сәйкес құжат толтырып келісім жасауға шақырады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы. 

Интернет ресурстарының мониторингін жасау барысында, елордалық прокуратурасымен «Facebook» әлеуметтік желісі арқылы жылжымайтын мүліктерді 50 пайыз жеңілдікпен сату жәрмеңкесі ағымдағы жылдың 9-10 желтоқсанында өтетіні туралы дерек анықталды.

«Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңының талаптары бұзылмауына жол бермеу және алдын алу мақсатында, көрме ұйымдастырушысы - «80/20 the new media» маркетинг агенттігінің директоры Ш.Айдар қала прокуратурасына шақыртылды.Кездесу барысында, жәрмеңке ұйымдастырушысына қолданыстағы заңнамада тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың негізгі талаптары түсіндірілді», - делінген қалалық әкімдік таратқан хабарламада.

Өз кезегінде, құрылыс салушының үйді сатуға Астана әкімдігінің немесе «Кепілдендіру қоры» АҚ-нің рұқсаты қажет екенін ескертілді.

Осыған сәйкес жасалған келісімшартының түрі тек қана «үлестік қатысу туралы келісімшарт» деп аталу тиіс.

Үлгілік нысанға сәйкес келмейтін басқа келісімшарттар заң бойынша жарамсыз деп саналады.

«Кездесудің нәтижелері бойынша шараның ұйымдастырушысына Қазақстан Республикасы «Прокуратура туралы» заңының 32 бабына сәйкес заңды түсіндіру түріндегі прокурорлық жауап қайтару акті берілді, сонымен қатар МСҚББ-мен заңның бұзылуын болдырмау туралы хабарлама берілді» - деді әкімдікте.

Жоғарыда аталғанның негізінде, Астана қаласыныі әкімдігі мен Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды ҚР «Тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу туралы» заңына сәйкес тұрғын үйді сатып алу кезінде құрылыс салушылардан тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты талап ету қажеттігін ескертеді.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.