Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

07.12.2017, 13:00 Жаңалықтар / Мәдениет
Астанада балаларға арналған жаңа жылдық интерактивті ертегі қойылады

Желтоқсанның 22–30 аралығында Бейбітшілік және келісім сарайында балаларға арналған «The Snowman show» интерективті ертегісі қойылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

«The Snowman show» триллер жанрындағы интерактивті ертегісі күн сайын қазақ және орыс тілдерінде қойылады. Шоу барысында ертегі қонақтарымен кездесу, балаларға арналған дискотека, ән кеші жәнеде қызықты ойындар мен флешмоб ұйымдастырылады.

Ұйымдастырушылар мұндай жаңа жылдық ертеңгілік кеш елорда төрінде алғаш рет ұйымдастырады деп отыр.

«Аталмыш шоу аяқталғаннан кейін, Бейбітшілік және келісім сарайының фойесінде Аяз ата және Ақшақармен мерекелік би кеші, аниматорлармен түрлі ойындар өткізіледі. Сонымен қатар «The Snowman show» кейіпкерлерімен суретке түсетін бірнеше фотоаймақ орналастырылады», делінген ұйымдастырушылар таратқан хабарламада.

Айта кетейік, аталған балалар ертегісіне кіру билет құны 2000–2500 теңге арасында.

Екі тілде жүргізілетін қойылымдардың уақыты:

22 желтоқсан – 11:00 – қазақ тілінде 15:00 – орыс тілінде

23 желтоқсан – 11:00 – орыс тілінде 15:00 – қазақ тілінде

24 желтоқсан – 11:00 – қазақ тілінде 15:00 – орыс тілінде

25 желтоқсан – 11:00 – орыс тілінде 15:00 – қазақ тілінде

26 желтоқсан – 11:00 – қазақ тілінде 15:00 – орыс тілінде

27 желтоқсан – 11:00 – орыс тілінде 15:00 – қазақ тілінде

28 желтоқсан – 11:00 – қазақ тілінде 15:00 – орыс тілінде

29 желтоқсан – 11:00 – орыс тілінде 15:00 – қазақ тілінде

30 желтоқсан – 11:00 – қазақ тілінде 15:00 – орыс тілінде

Анықтама бойынша тел.: 74-46-33, 74-46-28, ұялы.тел.: +7 701-877-05-55, +7 701-088-66-99.

Ұжымдық тапсырыстар бойынша: +7 775-602-01-50.

Билеттер бойынша қала кассалары: koncertyastany.kz:

- «Керуен» сауда орталығы, Достык көшесі 9;

- «Keruencity» сауда орталығы, Қорғалжын шоссесі 1;

- «Жастар» сарайы, Республика даңғылы 34;

- «Астана» концерт залы (бұрынғы Конгресс-холл), Бейбітшілік 1.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.