Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

07.12.2017, 15:19 Жаңалықтар / Құқық тәртібі
«Участок» жедел алдын алу іс-шарасы қорытындыланды

Іс-шара барысында 285 мыңнан астам тексеріс өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

ІІМ жоспарын орындау барысында жалпы халық арасындағы ішкі істер органының, яғни жергілікті полиция қызметінің дәрежесі мен имиджін арттыру, азаматтармен тығыз сенімді қарым-қатынасты құру, сондай-ақ, тексеріс жүргізетін әкімшілік учаскелердегі құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 2017 жылдың 10 қыркүйегі мен 1 желтоқсан аралығында қала аумағында «Участок» жедел алдын алу іс-шарасы өтті.

Іс-шара барысында 285 мыңнан астам тексеріс өтті.

Тұрғын үйлерге тексеріс жүргізу барысында ІІО тіркеуде тұрған 9 800 адамға тексеріс жүргізіліп, 3 мыңнан астам саяжай үйлері қаралды. Сондай-ақ, түрлі әкімшілік құқық бұзушылықпен айналысқан кәмелет жасқа толмаған 130 бала ұсталды. Оның ішінде 80 бала Астана қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілді.

Тұрғылықты жері бойынша 3 400 шетел азаматы қаралып, 2000-нан астам көші-қон заңнамасын бұзған азамат анықталды, 1 800-ден астам жалдамалы пәтер анықталып, пәтерін тіркеусіз жалға беру фактісін анықтау мақсатында салық органына жіберілді.

Жалпы «Участок» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында түрлі себептермен әкімшілік жауапкершілікке тартылған азаматтар саны шамамен 15 мыңды құрайды. Елордалық ІІД жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары халық алдында 300 рет есеп беріп, азаматтардың қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысты сұрақтарымен хабарласуы үшін 300 мыңнан астам ақпараттық парақшалар таратылды.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.