Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

07.12.2017, 15:36 Жаңалықтар / Спорт
«Жекпе-жек кубогы – 2018» командаларының құрамдары анықталды

«Шығыс» және «Батыс» командаларының құрамына жастар хоккей лигасы чемпионатының барлық 33 командасының өкілдері енді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

 Командалар бір-бірімен  жыл сайынғы «Жекпе-жек» кубогында кездеседі.

«Шығыс» және «Батыс» командаларының құрамдары толықтай жаңарды, алайда олардың арасында «Жекпе-жек» кубогы мансабында екінші рет кездесетін ойыншылар бар.

«Шығыста» «Кузнецкий Медведь» голкипері Андрей Катюхин, ал «Шығыста» «Спартак» ЖХЛ қорғаушысы Аким Тришин бар» , - делінген  Жастар хоккей лигасы таратқан баспасөз хабарламасында.

Астанадаға «Шығыстың» үздік шабуылдаушы жұбы  Владимир Гайдеик пен Денис Еркин бар. Оларға «Реактордың» үздік шабуылдаушысы  Тимур Хафизов серік болады.   

«Айта кетерлігі, қарсыластарда шабулдайтындар бар. «Куньлунь Ред Стар Юниор» көшбасшысы Павел Крутий қазіргі күні ЖХЛ чемпионатының үздік шабуылдаушысы және мергені болып табылады. «Тайфунның» Артём Александров пен мәскеулік «Динамо» ЖХЛ-нан  Иван Муранов жақсы форма жинады. Петерборлық «Динамо» голкипері Кирилл Устименко бастапқы құрамда шығады, ал оны ауыстыратын Харламов кубогының қазіргі иегері «Красная армияның» ойыншысы Артём Корепанов. «Шығыстың»  қақпасын алғашқы минуттан Андрей Катюхин қорғайды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Астаналық «Снежный барс» ойыншылары Самат Данияр мен Валерий Орехов жергілікті жанкүйерлердің қолдауына ие болады. Жаттықтырушы штабта Қазақстан командасының өкілі бар, Дмитрий Стуловқа астаналықтардың тәлімгері Сергей Старыгин көмектеседі.

Айта кетейік, «Жекпе-жек» кубогының үздік төрт ойыншысы КХЛ Жұлдызды матчына қатысады.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.