Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

07.12.2017, 16:43 Жаңалықтар / Әлеуметтік сала
Астанада «Тең мүмкіндіктер жолы» республикалық акциясы жалғасуда

Акция қала әкімдігі мен ІІД әкімшілік полициясы басқармасы және жергілікті полиция қызметімен бірлесіп өткізіліп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы. 

Астанада 4-8 желтоқсан аралығында «Тең мүмкіндіктер жолы» республикалық акциясы өтуде, онда мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қоғамдық көліктердің қолжетімділігі тексеріледі.

ІІД әкімшілік полициясы басқармасының қызметкерлері, жолаушылар тасымалы басқармасының және Астана қаласы көлікті бақылау инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі жандарды отырғызу және түсіру функциясы бар (пандустар және т.б.) автобустардың нақты санын анықтау мақсатында рейд жүргізілді.

Бүгінде қалаішілік бағыттар бойынша 1125 автобус қызмет көрсетеді (сонымен қатар, жоспарлы шығу 878 бірлікті құрайды), оның ішінде қоларбада жүретін мүмкіндігі шектеулі жандардың мініп-түсуіне ыңғайлы болу үшін 729 автобус жиналмалы құрылғымен (трап) жабдықталған.

1992 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында 3 желтоқсанды Халықаралық мүгедектер күні деп арнайы резолюция жариялады және барлық мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарды осы күнді атап өтуге шақырды.

Акция барысында полицейлермен бірге жергілікті атқарушы органдар, денсаулық пен білім органдары, саламатты өмір салтын қалыптастыру орталықтары, Қызыл жарты ай қоғамдастығы, Қазақстан мүгедектер ұйымының одағы, қайырымдылық қорлары – қоғамдық көлікпен жүру барысында мүмкіндігі шектеулі адамдарға деген дұрыс қарым-қатынас орнатуға бағытталған көрнекті үгіт-насихат басылымдары мен әлеуметтік жарнамаларды шығарды. 

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.