Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

15.12.2017, 17:12 Жаңалықтар / Көлік және автожол
Күмісбеков көшесіндегі қозғалыс ашылды

Бүгін астанада Күмісбеков көшесіндегі жол ашылды, «Сарыарқа» ауданының тұрғындары бұл сәтті 2007 жылдан бері күткен еді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

«Көшенің құрылысының созылып кетуі құрылыспен шектесіп жатқан жылжымайтын нысандардың сүрілуімен байланысты болды. Он жыл ішінде 70 шақты жылжымайтын нысан сүрілді», - деп мәлімдейді коммуналдық шаруашылық басқармасының инфрақұрылым бөлімінің басшысы Жасұлан Байжанов.

Құрылыс-монтаж жұмыстары Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасы мен тұрғындардың өтініші бойынша бір жыл ішінде белгіленген мерзімнен бұрын аяқталды. Бұл Сарыарқа мен Бөгенбай даңғылы бойынша трафикті жүктеу мен автотранспорт ағымын көбейтуге мүмкіндік береді. Жобаны толығымен аяқтау 2018 жылға жоспарланып отыр.

Биыл мамыр айында сүріп тастауды шешті және құрылыс жұмыстары жаңартылды. Күмісбеков көшесінің жалпы ұзындығы 1600 метр, оның 1220 метрі қайта жөндеуден өтті. Жөндеу кезінде инженерлік желілер мен көшенің үш жағына да асфальт төселінді.

«Күмісбеков көшесінің құрылысы жоспарланған  «Инженерлік желі мен жоспарлы А, Б аудандарының жолы, Слободкамен шектесетін Кенесары – Күмісбеков көшесі – Бөгенбай даңғылы – Сарыарқа даңғылы» жобасының құрамына кіреді. Биыл осы жөндеу жүріп жатқан жердегі үйлерді сүріп тастау мәселесі шешіліп, құрылыс-монтаждау жұмыстары мамырда басталды», - дейді Жасұлан Байжанов.

Құрылыс-монтаж жұмыстары кезінде көшелер кеңейтілді. Пайдалануға берілгеннен кейін алты жолақты болады.

 Бүгін Күмісбеков бойынша Кенесарыдан Абай даңғылына дейін, Сейфуллиннен Бөгенбай даңғылына дейін және де Жангелдин көшесі бойынша Күмісбековтен Сарыарқа даңғылына дейін жол ашылды.

«Мұнда сумен жабдықтау, кәріз, нөсер кәрізі, электрмен жабдықтау, көшелер мен жолды жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Уақытша Күмісбеков-Жангелдин, Күмісбеков-Абай, Шевченко-Кенесары көшелерінің қиылысына бағдаршам қойылды», - деді Ж.Байжанов.

Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аймақтағы жылжымайтын бірнеше нысандарды толықтай сүрген соң,  Күмісбеков көшесінің Абайдан Сейфуллинге дейінгі аймағын 2018 жылы салу жоспарлануда.

Маманның айтуынша, Күмісбеков көшесі бойынша өту Сарыарқа мен Бөгенбай батыр даңғылының трафигі мен автотранспорт ағымын кеңейте түспек. 

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.