Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

15.12.2017, 18:45 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
Астана қаласының тұрғыны елордадағы саябақтардың бірінде үйшік орнатты

Қанаттыларға арналған 72 пәтерлі үй Отбасы саябағында пайда болды деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы. 

Құстар үйі. 6 қабат, 72 пәтер 150-ге тарта «тұрғын». Астаналық Санжар Боқаев құстар үшін үйшік орнатты. Мұндай ой ер азаматқа кенеттен келіпті. Ол суықтан тоңған кішкентай балапандарды көріп, үйшікке тапсырыс берген. Ұя бес күнде дайын болды. Әр бөлікке екі құс сияды. Енді, кем дегенде, 150 торғайдың баспанасы болады. Ең қызығы, әкімдік өкілдерімен саябақты аралаған кезде құстарға лайықталған орын табылмаған-ды. Қанаттылар өз баспанасын көрген соң, бір мезете-ақ жиылды. 

«Көппәтерлі үйшікті орнатып жатқан кезде, оны көру үшін айналадағы көгершіндер мен торғайлар ұшып келді. Жаңа баспана олардың көңілдерінен шыққан сияқты. Досым, құстар мемлекеттік бағдарлама бойынша баспаналы болды деп, күледі»,- деп әңгімеледі С. Боқаев.

Қонысын жаңадан тапқандарды саябақта демалушылар қоректендіреді. 

«Бұрын алматылықтар, Астананың жаны жоқ деп жиі айтатын. Олардың ішінде мен де бармын. Ал қазір олай емес. Елорданың өз қуаты, аурасы, өмірінің динамикасы бар. Шынына келгенде, қала деген, бірінші кезекте, адамдар. Қаланың бейнесі, жаны, өмір сүру деңгейі қандай болатыны біздің әрқайсымызға байланысты.Біреу сіздің айналаңыздағы әлемді жақсарта түседі деп күтпеңіздер. Сол әлемді өзіңіз жарықтандырыңыз», - деп түйіндеді Санжар Боқаев.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.