Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

18.12.2017, 11:27 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
Бүгін Астананың бас шыршасының шамдары жағылмақ

Бүгін ЭКСПО көрмесінің аумағында "Нұр Әлем" сферасының маңында Астананың бас шыршасының шамдарын жағу рәсімі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Кешкі шара қонақтарының назарына мерекелік бағдарлама ұсынылатын болады. Жасыл шырша жанында "I am a Singer Kazakhstan" жобасының финалистері өнер көрсетеді деп күтілуде. Ringo тобы шараның хедлайнері болмақ.

Көрермендер  бұқаралық конькимен сырғанау шарасының, ал балалар түрлі ойындардың қатысушысы атана алады.

Мерекелік шоу сағат 19:00-де басталады.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.