Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

05.01.2018, 09:40 Жаңалықтар / Денсаулық сақтау
Үлкен жүрек

Осыдан он жыл бұрын адамдар ғылымның арқасында ғана қажеттіні көз алдына елестете алатын. Ал қазір мүмкін емес армандар шындыққа айналып үлгерді. Астана әкімдігі медиа орталығының тілшілері Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында қонақта болып, жаңа дәуірдің келгенін, яғни жасанды жүректің адамға қалай өмір сыйлайтынын өз көздерімен көріп қайтты.

Соңғы 11 жылда CARMAT компаниясының докторы Карпантьенің жетекшілігімен Еуропа аэрокосмос комитеті бірлесіп, француз ғалымдары жасанды талшық ойлап тапты. Жасанды жүректі тірілту бойынша алғашқы 5 операция  Францияда жасалды, ал біздің елдегі мұндай жүрек ауыстыруды әлемнің жетекші кардиохирургия емханалары жасауы керек еді.  Алайда, Қазақ ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы жасанды жүректі ауыстырудың халықаралық қатаң іріктеуінен өте білді. CARMAT француз компаниясы емхананың мүмкіндігі мен операциялық жабдықтарды, дәрігерлердің біліктілігін тексеріп шықты. Күн тәртібінде «Ал емхана пациентті толықтай оңалтып шығара ала ма?» деген сұрақ тұрды. Қойылған сұрақтардың бәріне отандық дәрігерлер нақты жауап бергендіктен, халықаралық деңгейде бірінші болып инновациялық технологияны медицинада қолданудың мүмкіндігін жеңіп алды.

JCI Халықаралық сапа сертификаты

Бүгінге дейін жүрек ақауы барларға көп мүмкіндік болмайтын, тек донорлық жүрек пен жасанды сол жақ асқазанның имплантациясы қойылатын. Алайда пациентке табылған донор жүрек кейде органға немесе қан тобына сәйкес келмей жататын кездер де болады. 

Осы екі арада «Енді қалай істеу керек?» деген мәселе туындады. Жасанды жүрек осы мәселені жеңілдетті. Жасанды жүрек шамамен 5 жылға дейін жетеді, ал әрі қарай шынайы жүрек трансплантациясын жасауға мүмкіндік бар. Жасанды жүректі орнатудың операциясына 10 сағат уақыт кетеді.

Дилитациялы кардиомиопатия, былайша айтқанда күрделі жүрек ақауы терминалдық кезеңде тұр деген сөз. Осындай диагнозбен 60 жастағы Құнанбай Абраев бетпе бет келуге мәжбүр болды.  Науқастың әйелі Гүлнәрдың айтуынша, жолдасының аяғы ісіп кеткендіктен әрең қозғалатын болған. Қазір жүрегіне трансплантация жасағалы емханада өздігінен жүре алады.

«Операциядан қорықтыңыз ба дейсіз бе? Далбаса. Адам өмір үшін күресу керек», - дейді Құнанбай Абраев. Егде жастағы адамның осы сөзден кейін толқып кетіп, көзінен жас сырғып өткенін байқадық, себебі оның өмір сүруге деген бір ғана мүмкіндігі осы жасанды орган болатын.  Ол әрі қарай әңгімесінде қайта-қайта дәрігерлерге алғысын жаудырып, олардың көмегінсіз қатерлі аурумен күресе алмас едім дегенді айта берді.

Жасанды жүрек имплантациясы былай қарағанда өзіңмен бірге кішігірім бір сөмкені қайда барсаң да көтеріп жүру деген сөз. Онда жүректің жұмысын басқаратын аппарат пен контроллер орналасқан. Сөмкеде одан басқа қосымша аккумулятор заряды бар. Бір батареяны зарядтауға 4-6 сағат кетеді. Ондай батареялар көп. Жүрек орталығының дәрігерлері қалжыңдап айтқандай, егер біз ұялы байланысымызды күн сайын зарядтасақ, онда неге жүректі де зарядтамасқа?

Дәрігерлер жасанды жүректің ішінде сөмкемен байланыстырып тұратын сымның барын айтады. Сымның ұшы ағзадағы іш құрылысы арқылы енгізіледі. Сым (кабель) тері қабатын тітіркендірмейтін жұмсақ талшықтан жасалған.

Дәрігерлер болашақта сымсыз жасанды жүрек жасап шығарылуы мүмкін екенін айтуда.

«Мен барлық кезде бір ғана шындықты айтып жүрмін. Осыдан 50 жыл бұрын донорлық жүректі ауыстыру – адамды ғарышқа ұшырумен тең оқиға болса, қазір ол жүрек ақауы бар адамдарға күн сайын жасалатын операциялардың қатарына айналып кетті.

Алайда ойланыңыз. Бұл біреудің қайғысы. Біреу біреуге өмір сыйлау үшін өлуі тиіс. Ал жасанды жүрек – адамның қолдан жасап тапқан дүниесі. Былайша айтқанда, жерде жатқан адамды тірілтіп алды. Адам миының қабілеті шексіз, осының арқасында болашақта біз адамның басқа да органдарын жасап шығарамыз және соған келе жатырмыз!», - дейді Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының басшысы Юрий Пя.

Донорлық жүректі трансплантациялау немесе жасанды сол жақ асқазанды жүректен сәл жоғары орналастырады. Трансплантациядан кейін донор жүрек жұмыс істемесе, азға қайта қалпына келгенше уақытша қан айналдыратын көмекші мүмкіндік бар.

Десе де, механикалық жүрекке бір жағдай болса, оны қайта түзеу мүмкін емес, себебі өзінің жүрегін кеудесінен алып тастаған.  Сол себепті, құрылғыны өте мұқият орнату қажет. Юрий Пяның айтуынша, ең сындарлы сәт бүкіл ұжымның бірдей уайымдаған сәті. Өйткені, мұндай операция жаңа тәжірибе болып саналады. «Тағы бір жаңа жүйемен, әдіспен адамға көмектесе алатыныңды және бейжай қалмайтыныңды сезінгенде, бойыңды қуаныш пен мақтаныш кернейді», - дейді Юрий Пя.

«Бұл кәдімгі қалыпты жайтқа айналу керек. Біз адамдарға көмектесуіміз керек. Тағы бір айтқым келетіні, қазіргі жастар өз бақытын шетелден іздеп жатады. Ең қызығы, көшіп-қонуға дамыған Германия, Англия, Швейцария, Скандинав аралдарын таңдап жатады.  Неліктен? Адамдар қалайша төбеден біреу түсіп, өркениетті солай орната салды деп ойлайды? Ол жердің көркеюі сондағы адамдардың күші мен еңбегінің арқасында келген. Сондықтан, әрбір адам өз Отанында қалай жақсы өмір сүрудің жағдайын жасаймыз деп ойлануы тиіс. Әрдайым алға биік мақсат қойсақ, сонда ғана өз қолымызбен шынайы өмірімізді жасай аламыз. Ал қашып кету – әлсіздердің еншісі. Жасанды жүректі орналастыру – бұл жанды жылытар жетістік, бұл Қазақстанда да барлығын жасауға болады дейтін дәлел», - дейді Ю. Пя.

Талай адамдардың өмірін құтқарып қалған табысты кардиохирург Юрий Пяның кабинетінен шыққаннан кейін, оның позициясымен келіспеске амалымыз қалмады. Кабинеттен шыға берісте Сикстиндік Микеланджелоның қолтаңба іздерін көруге болады. Оның түпнұсқасында Құдайдың адамды жасап жатқан сәті бейнеленген.   

Ал мұндағы картинада кардиохирург Юрий Пяның қолы мен механикалық қол арқылы  жаңа өмір жасалып жатқаны көрсетілген.  Атақты кардиохирургтың айтқанындай күндердің күнінде адамдар өз өмірін ұзарту үшін өздеріне түрлі орган жасап шығаруы мүмкін, бәлкім басталып та кеткен шығар... 

 CARMAT компаниясының өкілі пациентке жүректің жұмысын түсіндіріп тұр 

Құнанбай Абраев жұбайымен

Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына әлемнің жетекші кардиохирургтерінің арнаған тілегі 

Ақ үйдің Юрий Пяға берген алғыс хаты 

Операция арасындағы үзіліс кезіндегі Юрий Пяның демалыс орны 

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.