Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

11.01.2018, 09:59 Жаңалықтар / Абаттандыру
Елордада бүгін қар жинауға 1345 техника шықты

Астанада соңғы күндері қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуге көшті. Кеше тәулік ішінде қаладан 34 мың текше метрден астам қар шығарылды. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне «Астана Тазалық» ЖШС хабарлады.

«Тәулік ішінде Астанада 34 227 текше метр қар шығарылды. Соның ішінде, «Астана Тазалық» ЖШС 11 787 текше м, «Астана-көгалдандыру құрылысы» АҚ 2 159 текше м және мердігер ұйымдармен 20 281 текше м қар шығарылды», - делінген хабарламада.

Жолдарды тазалау және қар шығару жұмыстарына 1345 техника тартылды, соның ішінде Алматы ауданында 557, Сарыарқа ауданында 343 және Есіл ауданында 445 техника. Атап айтқанда, сыпыру-жинау машиналары, тротуар жинайтын машиналар, шнекороторлық техника, құмтөсегіштер, автогрейдерлер, қар тиегіштер, фронталдық тиегіштер және самосвалдар.

Бұдан басқа, қарды қолмен жинауға 1888 жол қызметкері: Алматы ауданы бойынша 845, Сарыарқа ауданы бойынша 560 және Есіл ауданында 483 жұмыскер тартылды.

Айта кетейік, жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері қар шығару жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.