Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

11.01.2018, 15:46 Жаңалықтар / Спорт
Ауа райының қолайсыздығына қарамастан ЖХЛ жекпе жек Кубогы өтетін болады

Астана қаласында төтенше жағдай жарияланса да, 11 қаңтарға белгіленген КХЛ «Жұлдызды апталығы» Жастар хоккей лигасының жекпе жек Кубогы кестеге сай өтетін болады. 

«Жекпе жек Кубогы ойынына келуді жоспарлаған жанкүйерлер барынша сақ және өздеріне қолайлы жолды таңдағандары абзал. Бізге ең бастысы, адамдардың өмірі мен денсаулығы», - делінген хабарламада. 

Жанкүйерлерді ойынға  жеткізу үшін «Барыс Арена» СК-не арнайы автобустар қатынайтын болады және осы қоғамдық көлікпен көрермендерді қайтадан тарататын болады. 

Арнайы автобустар «Жастар» және Астана цирк тұрағынан сағат 16:00 мен 18:00 аралығында жүреді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі жекпе жек Кубогына Жастар хоккей лигасының ең үздік ойыншылары шығады.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.