Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

11.01.2018, 23:08 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
Желіде 12 қаңтар күні сабақ болмайды деп таралған ақпарат жалған

Интернет желісінде 12 қаңтар күні сабақ болмайды деген ақпарат тарауда. Астана қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. 

«Сабақтың болуы немесе болмайтыны туралы нақты ақпарат таңертең сағат 6.15-те берілетін болады», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.