Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

12.01.2018, 12:07 Жаңалықтар / Спорт
Хоккей жұлдыздарын Астана әуежайында жанкүйерлер күтіп алды

Жанкүйерлер Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында хоккей жұлдыздарын қарсы алды, деп хабарлайды Астана әкімдігі сайты. 

Мәскеуден ұшып келген рейс Астанаға таңертең сағат 7:30-да қонды. Хоккей жұлдыздарын қарсы алуға жиылғандардың қарасы көп болды. 

«Шығыс» пен «Батыс» командасын жанкүйерлер қазақи дәстүрмен шашу шашып қарсы алды. 

«Бізді әуежайда құшақ жая қарсы күтуде екен, ең бастысы, көтеріңкі көңіл-күйден шабыт алу. Әрине, жеңгіміз келеді, бірақ ол ең маңызды емес», - дейді «Нефтехимик» командасының қақпашысы Илья Ежов. 

Спортшы қала тұрғындарын континентальді хоккей лигасының ойындарына шақырды, ол алаңда қызықты ойын көрсетуге уәде берді. 

«Мұнда өте талантты ойыншылар келді. Хоккей ойындары әдемі, ашық түрде өтеді деген ойдамын әрі «Мастер шоуда» түрлі қызықтар  көрсетпекпіз, сол себепті мен сіздерді хоккейге шақырамын», - деді қақпашы.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.