Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

12.01.2018, 15:21 Жаңалықтар / Спорт
Жекпе жек кубогы «Батыста», ал төрт хоккейші КХЛ жұлдызды апталығына жолдама алды

Астанада хоккейден «Жұлдызды аптаның» шеңберінде өткен Жекпе жек кубогының матчы аяқталды. Есеп бойынша жүлделі олжаны «Батыс» командасы иеленді, яғни «Барыс Арена» мұз айдынындағы кездесу 3:7 есебімен аяқталды. 

«Батыс» құрамында Павел Крутий, Герман Волошин, Николай Коваленко, Артём Чернов және Евгений Царюк ерекше ойындарымен көзге түсті. Ал «Шығыс» командасындағы Михаил Шабанов, Егор Коробкин, Ильдар Абдеев нысанаға дөп тастайтын мергендіктерін көрсете білді. Осылайша «Батыс» пен «Шығыс» арасындағы айқас 2:7 болды. 

Матчтың үздік ойыншысы болып «Батыстан» Игорь Гераськин («Алмаз»), Николай Коваленко («Локо») және Герман Волошин («Амур барысы»), «Шығыстан» Егор Коробкин танылды. Аталған төрт хоккейші де 13-14 қаңтарда өтетін «Шеберлік-шоуы» мен КХЛ жұлдызды матчына қатысады. 

«Ойын өте тартысты өтті. Бастысы, команда үшін барымызды салдық. Бұл өте жауапты матч, сондықтан әрбір сәтті қалт жібермей, жеңісті лайықты түрде ала білдік», - дейді «Батыс» командасының және «Локоның» шабуылшысы Николай Коваленко. 

Естеріңізге сала кетейік, Жекпе жек кубогы – Жұлдызды апталықтың айтарлықтай екінші оқиғасы. 10 қаңтар күні матч Әйелдер хоккей лигасының жұлдыздарымен басталған болатын, ал 13-14 қаңтарда КХЛ жұлдыздарының матчымен аяқталады.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.