Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

12.01.2018, 15:37 Жаңалықтар / Көлік және автожол
Көрермендерді КХЛ «Жұлдыздар матчы» ойындарына арнайы автобустар жеткізетін болады

«Барыс Арена» МА дейін 13.01.2018 ж. «Мастер-шоу КХЛ 2018» және 14.01.2018 ж. «КХЛ жұлдыздар матчы» көрермендерін көлікпен қамтамасыз ету мақсатында арнайы автобустар ұйымдастырылады.

Автобустардың жүру уақыты – сағ 12:00-ден 12:30-ге дейін;

Жүру орны:

• «Қазақстан» СК тұрағы;

• Бөгенбай батыр ескерткіші тұрағы (Богенбай батыр – Сарыарқа даңғ. қиылысы);

• «Нұр Астана» мешіті тұрағы;

• «Жастар» сарайы» тұрағы;

• «Астаналық цирк» тұрағы.

Арнайы автобустардың жүру ақысы - 90 теңге, жүру билеттері мен жеңілдігі бар билеттер жарамсыз.

Іс-шара аяқталған соң «Барыс Арена» МА тұрағынан қалаға апаратын арнайы автобустар ұйымдастырылады.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.