Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

18.01.2018, 11:05 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
«Сарыарқа» ауданының активі Елбасы Жолдауын талқылады

«Сарыарқа» ауданы әкімінің аппаратында Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы талқыланған аудан активінің жиналысы өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің сайты. 

Жолдауды талқылауға Ардагерлер кеңесінің мүшелері, Мәслихат депутаттары, қалалық басқармалар мен ұйымдардың, бизнес-ортаның, білім беру мекемелерінің өкілдері мен аудан активі қатысты.

Аудан әкімі Арман Тұрлыбек жаңа жолдаудың бірегейлігін, қоғамдық өмірдің барлық саласын цифрландыру, жаңа цифрлық технологияларды енгізу - елдің дамуындағы басты бағыт және Қазақстанның жаңа әлемнің көшбасшы елдерінің қатарына қосылуына негіз болатынын айтып өтті.

Жиын барысында «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС директоры, мәслихат депутаты Сарсенбек Жүнісов, «Астана Innovations» АҚ басқарма төрағасы Олжас Сартаев, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің басқарма басшысы Асқар Рахматуллин, Астана қаласының инвестициялар және даму басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Бекмурзаев және Политехникалық колледждің директоры Қасымхан Сенғазыев сөз сөйледі.

Жиынға қатысушылар Елбасы атаған 10 міндетті талқылап, жаңғырту және цифрландыру, көлік-логистикалық инфрақұрылым мен әлеуметтік саланың мәселелерін қарастырды.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.